Мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 425 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 7 ақпанда № 1886 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 293 қаулысымен

     РҚАО ескертпесі:
     Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
     Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 30.10.2014 № 293 қаулысымен
      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабының 4 тармақшасына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Мұратбай Сматайұлы Жолдасбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкіміҚ. Бозымбаев

 Жамбыл облысы әкімдігінің 
2012 жылғы 27 желтоқсан
№ 425 қаулысымен бекітілген

«Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
      Мемлекеттік қызметті конкурс өткізу арқылы:
      1) аңшылық алқаптарды бекіту кезінде – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы (бұдан әрі – 1 инспекция) осы регламентке 2-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша;
      2) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту кезінде – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы және Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы (халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бойынша) (бұдан әрі–2 инспекция) осы регламентке 3-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бойынша) осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша көрсетеді.
      Балқаш көлінің балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурсты Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісімен құралатын комиссия өткізеді.
      Жеке меншiктегi немесе жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелеріндегі аңшылық алқаптары олар белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болған және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының ұсынымы болған кезде олардың өтінімі бойынша конкурс өткізусіз жергілікті атқарушы органның қаулысымен оларға бекітіліп беріледі.
      2.Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттік қызметтер стандарттары (бұдан әрі- Стандарт) негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
      5. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:
      1) конкурс өткізу кезінде:
      өткізілген конкурстың қорытындылары бойынша хаттама жасау – конкурстың өтінімі бар конверттерді ашқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде;
      тиісті инспекцияның конкурстың қорытындылары туралы хаттаманы жергілікті атқарушы органға жолдауы – конкурстың қорытындыларын шығару күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде;
      жергілікті атқарушы органның аңшылық алқаптарды немесе балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін мемлекеттік қызмет алушыларға бекітіп беру туралы шешім қабылдауы – конкурс қорытындылары туралы хаттаманы алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
      2) мемлекеттік қызмет алушыларға осы тұлғалардың жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелеріндегі аңшылық алқаптарын бекітіп беру кезінде, сондай-ақ олар бойынша бекітіп беру мерзімі аяқталған аңшылық алқаптарын қайта бекітіп беру кезінде – мемлекеттік қызмет алушы осы регламенттің 11-тармағының 2) және 3) тармақшаларында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап жиырма күн ішінде;
      3) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – отыз минуттан аспайды;
      4) мемлекеттік қызмет нәтижесін алу кезіндегі кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – отыз минуттан аспайды;
      5) мемлекеттік қызмет алушы осы регламенттің 11-тармағының 2) тармақшасында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толық болуын тексеру мерзімі – екі жұмыс күні.
      Осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген мерзімдерде қаулы берілмеген немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынылмаған жағдайда қаулы берілген деп есептеледі және екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет алушыға берілуге жатады.
      6. Мемлекеттік қызмет ақысыз түрде көрсетіледі.
      7. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі жергілікті атқарушы органның аңшылық алқаптарды немесе балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін мемлекеттік қызмет алушыларға бекітіп беру туралы қағаз тасығыштағы қаулысы (бұдан әрі – қаулы) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібіне қойылатын талаптар

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет регламенті ( бұдан әрі-Регламент) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz, Жамбыл облыстық әкімдігінің http://www.zhambyl.kz, Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Balkhash_bio@ mail.ru, Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының fisher_taraz@bk.ru, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналды мемлекеттік мекемесінің www.dpr__TARAZ mail.ru интернет-ресурстарында немесе осы регламентке 1, 2 және 3-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан жергілікті атқарушы органның және инспекциялардың кеңселерінен алуға болады.
      9. Жұмыс кестесі: жұмыс күндері жергілікті атқарушы органның сағат 13.00-ден 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, Инспекцияларда сағат 13.00-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-әрекеттер тәртібінің сипаттамасы.

      10. Аңшылық алқаптарды бекітіп беру кезінде мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушы мыналарды ұсынады:
      1) конкурс өткізу кезінде:
      осы регламентке 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық алқаптарын бекітіп беру бойынша конкурсқа қатысуға өтініш;
      осы регламентке 5-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар (түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері);
      мемлекеттік қызмет алушы жарғысы және анықтамасы, (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмелері – заңды тұлғалар үшін;
      кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын құжаттың көшірмесі, сондай-ақ жеке куәлігінің немесе паспортының, (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмелері – жеке тұлғалар үшін;
      Конкурстық өтінімді конкурсқа қатысушылар нөмірленген беттерімен тігілген түрінде ұсынады, соңғы беттері олардың қол қоюымен расталады;
      2) мемлекеттік қызмет алушыларға осы тұлғалардың жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелеріндегі аңшылық алқаптарын бекітіп беру кезінде:
      1) еркін нысандағы өтініш;
      осы регламентке 5-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар (түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері);
      тиісті құқықтарды растайтын жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарының көшірмелері;
      3) бекітіп беру мерзімі аяқталған аңшылық алқаптарын қайта бекітіп беру кезінде:
      еркін нысандағы өтініш;
      осы регламентке 5-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар (түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері);
      аңшылық шаруашылығын жүргізу шарты бойынша міндеттемелердің сақталуын растайтын құжаттар.
      11. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру кезінде мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар мыналарды ұсынады:
      1) осы регламентке 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Конкурсқа қатысуға өтініш;
      2) осы регламентке 7-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар (түпнұсқалары немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері):
      құрылтай құжаты, анықтама, (нотариалды куәландырылған көшірмелері) – заңды тұлғалар үшін;
      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты, (нотариалды куәландырылған көшірмелері), заңды тұлғаны құрусыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқығын беретін құжаттар – жеке тұлғалар үшін;
      әрбір су айдыны және (немесе) учаскесі бойынша мемлекеттік қызмет алушының басшысы жеке бекіткен белгіленген нысандағы балық шаруашылығын дамыту жоспары (түпнұсқасы);
      балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бұрын бекітіп берілген жеке және заңды тұлғалар үшін – өткен жылы өсімін молайту және балық қорғау іс-шараларына қаржы бөлінгеңдігін растайтын және бөлінген квоталарды игеруі туралы және 2-инспекциямен келісілген ақпарат (түпнұсқасы);
      ағымдағы жылғы 1 қаңтарға (өткен қаржылық жылға) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы (болуы) туралы салық органының анықтамасы;
      мыналарды жүзеге асыру үшін сервитутты ұсыну туралы мемлекеттік қызмет алушының бірінші басшысының қолы қойылған жазбаша міндеттеме:
      бақылаулы аулау – Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінежәне (немесе) 2-инспекцияға;
      ғылыми-зерттеулік аулау – жеке және заңды тұлғаларға;
      әуесқойлық (спорттық) балық аулау – жеке тұлғаларға (түпнұсқасы);
      3) Балқаш көлі жүйесінің балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
      уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша негізгі құралдардың, балық ресурстар және басқа да су жануарларын аулау мен қайта өңдеу жөніндегі технологиялық жабдықтың және басқа да материалдық–техникалық құралдардың, сондай–ақ ағымдағы мелиорацияны жүргізу және жас шабақтарды құтқару үшін техникалық құралдардың болуы туралы анықтама;
      аулаушы және көлік, оның ішінде шағын өлшемді флотты тіркеу туралы аумақтық көліктік бақылау органының анықтамасы;
      4) жергілікті маңызы бар балық қырылу қаупі бар су айдындары және (немесе) учаскелері үшін – уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша балық шаруашылығы мелиорациялық жұмыстарын жүргізу үшін негізгі құралдардың болуы туралы анықтама;
      5) салина артемиясы цисталарын аулау үшін болашағы бар ащы-тұзды балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін – салина артемиясы цисталарын жинау үшін құралдардың, жинау, сақтау және өңдеу жөніндегі технологиялық жабдықтар мен басқа да материалдық-техникалық құралдардың болуы туралы анықтама;
      6) басқа да балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
      аулаушы және көлік, оның ішінде шағын өлшемді флотты тіркеу туралы аумақтық көліктік бақылау органының анықтамасы (жүзгіш құралдар болған кезде);
      Балық шаруашылығын дамыту жоспарында тиісті іс-шаралар көрсете отырып, өтініш беруші басшысының қолы қойылған акваөсіруді жүргізу туралы жазбаша міндеттеме (акваөсірумен айналысуды көздейтін тұлғалар үшін).
      12. Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтініш бланкісін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz, Жамбыл облыстық әкімдігінің http://www.zhambyl.kz, Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Balkhash_bio@ mail.ru, Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының fisher_taraz@bk.ru, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналды мемлекеттік мекемесінің www.dpr__TARAZ mail.ru интернет-ресурстарында немесе осы регламентке 1, 2 және 3-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан жергілікті атқарушы органның және инспекциялардың кеңселерінен алуға болады.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар:
      конкурс өткізу кезінде – конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген мекенжай бойынша конкурстық комиссияның хатшысына;
      мемлекеттік қызмет алушыларға осы тұлғалардың жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелеріндегі аңшылық алқаптарын бекітіп беру кезінде, сондай-ақ олар бойынша бекітіп беру мерзімі аяқталған аңшылық алқаптарын қайта бекітіп беру кезінде – осы регламентке 2-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша орналасқан тиісті инспекцияның кеңсесіне тапсырылады.
      14. Мемлекеттік қызмет алушыға:
      1) құжаттарды қабылдау нөмірін және күнін;
      2) сұратылатын мемлекеттік қызмет түрін;
      3) қоса берілген құжаттар санын және атауларын;
      4) мемлекеттік қызметті алу күнін (уақытын) және құжаттарды беру орнын;
      5) құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын;
      6) мемлекеттік қызмет алушының тегін, атын, әкесінің атын (жеке тұлға үшін) немесе атауын (заңды тұлға үшін), байланыс деректерін көрсете отырып, қажетті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет алушыға немесе сенімхат бойынша уәкілетік берілген тұлғаға жеке келген кезде беріледі.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз:
      1) конкурс өткізу кезінде – мемлекеттік қызмет алушының конкурстық өтінімін конкурс шарттарына сәйкес келмейтін деп тану;
      2) мемлекеттік қызмет алушыларға осы тұлғалардың жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелеріндегі аңшылық алқаптарын бекітіп беру кезінде – осы регламентке 4-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес болмауы және (немесе) шаруашылық аралық аңшылықты жайластыру материалдарының болмауы;
      3) бекітіп беру мерзімі аяқталған аңшылық алқаптарын қайта бекітіп беру кезінде – осы регламентке 4-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес болмауы және (немесе) аңшылық шаруашылығын жүргізу шарты бойынша міндеттемелерін орындамау.
      17.Құрылымдық-функционалдық бірліктердің және әкімшілік іс-әрекеттердің өзара байланыстылығының қисынды дәйектілігінің кестесі, осы регламентке 8 және 9 қосымшаларда көрсетілген.

  «Облыстың жергілікті атқарушы
органдарының жануарлар дүниесін
пайдаланушыларға аңшылық алқаптар
мен балық шаруашылығы су
айдындарын және (немесе) учаскелерін
бекітіп беру мен аңшылық және балық
шаруашылықтарының қажеттіліктері 
үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде 
шешімдер қабылдауы» мемлекеттік
қызмет регламентіне
1-қосымша

Облыстық жергілікті атқарушы органның мекенжайы


АтауыОрналасқан жерінің мекенжайыБайланыс деректеріИнтернет-ресурс
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналды мемлекеттік мекемеТараз қаласы, Абай даңғылы 133-А үйітел.:
8 (7262)43-68-38, факс:43-68-38, 45-44-15
www.dpr__TARAZ mail.ru

 «Облыстың жергілікті атқарушы
органдарының жануарлар дүниесін
пайдаланушыларға аңшылық алқаптар
мен балық шаруашылығы су
айдындарын және (немесе) учаскелерін
бекітіп беру мен аңшылық және балық
шаруашылықтарының қажеттіліктері 
үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде 
шешімдер қабылдауы» мемлекеттік
қызмет регламентіне
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық инспекциясының мекенжайы


АтауыЗаңды мекенжайыБайланыс телефоны, электрондық пошта адресі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы Тараз қаласы, Әл-Фараби көшесі, 11-үйтел.: 8–726–2–34–12–84;
8–726–2–34–12–84;
электрондық поштасы:
tarazcontrol@minagri.kz
Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Қапшағай қаласы 5 шағын аудан, 1-үйтел.: 8-727-7-24-80-17
электрондық поштасы:
Balkhash_bio@mail.ru

 Облыстың жергілікті атқарушы
органдарының жануарлар дүниесін
пайдаланушыларға аңшылық алқаптар
мен балық шаруашылығы су
айдындарын және (немесе) учаскелерін
бекітіп беру мен аңшылық және балық
шаруашылықтарының қажеттіліктері 
үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде 
шешімдер қабылдауы» мемлекеттік
қызмет регламентіне
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық инспекцияларының мекенжайлары


АтауыЗаңды мекенжайыБайланыс телефоны, электронды пошта
Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясыТараз қаласы
Исатай көшесі, 10-үй
тел.: 8-726-2-51-95-76;
электрондық поштасы:
fisher_taraz@bk.ru
Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясыҚапшағай қаласы
5 шағын аудан, 1-үй
тел.:
8-727-7-24-80-17;
электрондық поштасы:
Balkhash_bio@ mail.ru

  «Облыстың жергілікті атқарушы
органдарының жануарлар дүниесін
пайдаланушыларға аңшылық алқаптар
мен балық шаруашылығы су
айдындарын және (немесе) учаскелерін
бекітіп беру мен аңшылық және балық
шаруашылықтарының қажеттіліктері 
үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде 
шешімдер қабылдауы» мемлекеттік
қызмет регламентіне
4-қосымша

      ___________________________________________________________________
      (конкурсты ұйымдастырушының толық атауы)
      ___________________________________________________________________
      (өтініш беруші заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.)
       Аңшылық алқаптарын бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтініш
       __________________________ 20 жылғы «___» ____________
      (елді мекен)
      _________________ облысының ___________________ ауданында аңшылық
      алқаптарын бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысуға конкурстық
      өтінімді қабылдауды сұраймын.Өтініш беруші туралы мәліметтер:
      1. Меншік нысаны ___________________________________________________
      2. Құрылған жылы ___________________________________________________
      3. Тіркеу туралы куәлік _____________________________________________
      ___________________________________________________________________
      (№, кім және қашан берді)
      4. Заңды мекенжайы (мекенжайы) ______________________________________
      ___________________________________________________________________
      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй №-і, телефон, факс)
      5. Есеп шоты ________________________________________________________
      ___________________________________________________________________
      (шот №-і, банктің атауы және орналасқан жері)
      6. Филиалдар және өкiлдiктер ________________________________________
      (орналасқан жері және деректемелері)
      7. Қоса берілген құжаттар: __________________________________________
      ___________________________________________________________________
       8. Мен конкурстық өтінімде берілген ақпарат үшін жауапты боламын,
      менің конкурстық өтінімім жеңімпаз болып таңылған жағдайда аңшылық
      шаруашылығын жүргізуге шарт жасасуға міндеттенемін.
       Жеке/заңды тұлға _________________ ___________________________
      M.O. (қолы) (Т.А.Ә.)

  «Облыстың жергілікті атқарушы
органдарының жануарлар дүниесін
пайдаланушыларға аңшылық алқаптар
мен балық шаруашылығы су
айдындарын және (немесе) учаскелерін
бекітіп беру мен аңшылық және балық
шаруашылықтарының қажеттіліктері 
үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде 
шешімдер қабылдауы» мемлекеттік
қызмет регламентіне
5-қосымша

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

      Аңшылық алқаптарын бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға мынадай біліктілік талаптары қойылады:
      1) аңшылық шаруашылығын оның санатына қарай жүргізу үшін материалдық-техникалық базаның болуы;
      2) қаржыландыру көздері мен көлемін көрсете отырып, үш жылға арналған аңшылық шаруашылығы ұйымын дамыту жоспары (қорғау, өсімін молайту және биотехникалық іс-шараларды күшейтуді, жануарлар санының оңтайлы тығыздығын қамтамасыз етуді, ішкі шаруашылық аңшылық ісін ұйымдастыруды, аңшылық шаруашылығын абаттандыруды өткізу мерзімін қоса алғанда);
      3) аңшылық шаруашылығының санатына сәйкес келетін және Аңшылық шаруашылығы ұйымдарының қорықшылық қызметі туралы үлгілік ереженің талаптарына сәйкес қорықшылық қызметтің (не оны құру туралы жазбаша міндеттеменің) болуы;
      4) конкурсқа қатысушының қаржылық әлеуетін растайтын құжаттар:
      анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылған конкурсқа қатысушы міндеттемелерінің барлық түрі бойынша банк немесе банк филиалы алдында мерзімі өтіп кеткен берешектің жоқ екені туралы конкурсқа қатысушыға қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасының түпнұсқасы (егер конкурсқа қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болған жағдайда, бұл анықтама осындай банктердің әрқайсысынан беріледі). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы отыз күнтізбелік күннің ішінде берілу тиіс;
      соңғы қаржы жылы үшін бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы;
      5) міндетті төлемдер бойынша бюджетке берешектің болмауы:
      тиісті салық органының үш айдан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақылық жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ болуы не конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің бар екендігі туралы анықтамасының түпнұсқасы;
      6) білімін және еңбек өтілін көрсете отырып, жоғары немесе арнайы орта білімі бар (аңшылық тану, аң шаруашылығы, аңшылық танушы биолог, биология, ветеринариялық дәрігер, зоотехник, зооинженер мамандықтары бойынша) немесе жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында 1 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар мамандарының болуы (не конкурста жеңімпаз болған жағдайда, осындай мамандарды жұмысқа қабылдауы туралы жазбаша міндеттемесі).

  «Облыстың жергілікті атқарушы
органдарының жануарлар дүниесін
пайдаланушыларға аңшылық алқаптар
мен балық шаруашылығы су
айдындарын және (немесе) учаскелерін
бекітіп беру мен аңшылық және балық
шаруашылықтарының қажеттіліктері 
үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде 
шешімдер қабылдауы» мемлекеттік
қызмет регламентіне
6-қосымша

Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтініш

       ___________________________________________________________________
      (су айдындары, учаскелері) бойынша балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысуға рұқсат етуді және қажетті конкурстық құжаттаманы беруді сұраймын.
      1. Өтініш беруші туралы мәліметтер (заңды тұлғаның атауы,
      ведомстволық тиістігі (болған кезде), жеке тұлғаның тегі, аты,
      әкесінің аты, деректемелері, мекенжайы) _____________________________
      ___________________________________________________________________
      2. ________________ облысы әкімдігінің 20__ жылғы «____»___________ №
      ___________________________________ қаулысына және _________________
      ___________________________ аумақтық бөлімшесімен жасалған 20__ жылғы
      «__» _______ № _____ шартқа сәйкес бұрын бекітіліп берілген су айдыны
      және (немесе) учаске ________________________________________________
      3. Өтініш берілетін балық шаруашылығы су айдыны және (немесе)
      учаскесі____________________________________________________________
      Өтініш берілген балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін
      бекітіп беру мерзімі_________________________________________________
      _______________________________________________________________ жыл.
      4. Конкурстық құжаттамамен танысқанымды және жалған ақпарат ұсынғаным
      үшін жауапкершілік туралы хабардар етілгендігімді растаймын.
       Берілген күні 20___ жылғы «___» ___________________
       Өтініш беруші _____________________________ ____________

 (Т.А.Ә. немесе ұйымның атауы) МО қолы
«Облыстың жергілікті атқарушы
органдарының жануарлар дүниесін
пайдаланушыларға аңшылық алқаптар
мен балық шаруашылығы су
айдындарын және (немесе) учаскелерін
бекітіп беру мен аңшылық және балық
шаруашылықтарының қажеттіліктері
үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде
шешімдер қабылдауы» мемлекеттік
қызмет регламентіне
7-қосымша

Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары

      Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға мынадай біліктілік талаптары қойылады:
      1) жұмыстар тізбесі мен көлемін, оларды орындау мерзімдерін және қаржыландыру көздерін көрсете отырып, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) белгілеген үлгілік нысан бойынша жасалған мемлекеттік қызмет алушының басшысы бекіткен Балық шаруашылығын дамыту жоспарының болуы;
      2) ағымдағы (алдыңғы қаржылық) жылғы 1 қаңтарға салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
      3) мемлекеттік қызмет алушының бірінші басшысының қолы қойылған жазбаша міндеттемемен расталған уәкілетті органның ведомствосына және оның аумақтық бөлімшелеріне бақылаулы аулауды, жеке және заңды тұлғаларға ғылыми-зерттеулік аулауды, жеке тұлғаларға әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін сервитутты ұсыну;
      4) Арал, Каспий теңіздерінің, Зайсан, Балқаш көлдерінің, Алакөл көлдер жүйесінің, Бұқтырма, Шүлбі, Шардара, Қапшағай су қоймаларының және Қиғаш, Іле, Сырдария, Жайық өзендерінің балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
      шаруашылық қызметі бағыттарының бірі балық шаруашылығын жүргізу және (немесе) онымен байланысты өндіріс болуы тиіс;
      балық аулау (олжалау) және көліктік флотының, кәсіпшілік аулау құралдарының болуы;
      балық аулау өнімдерін қайта өңдеу мен сақтауға арналған өндірістік базасының, ағымдағы мелиорацияны жүргізу мен шабақтарды құтқаруға арналған техникалық құралдарының болуы;
      5) жергілікті маңызы бар балық қырылу қаупі бар су айдындары және (немесе) учаскелері үшін – аулау құралдарының, ағымдағы мелиорациялық жұмыстарды жүргізу үшін жүзу құралдары мен материалдық-техникалық базасының болуы;
      6) салина артемиясы цисталарын аулау перспективасы бар ащы-тұзды балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
      салина артемиясы цисталарын жинауға және бастапқы өңдеуге арналған құралдарының болуы;
      түпкі өңдеу (жуу және кептіру жабдығы), сақтау (тоңазытқыш жабдығы) үшін жабдықтарының болуы;
      өндірілетін шикізатты сапалы талдау үшін зертхананың болуы;
      7) басқа да балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін - жүзу құралдары мен аулау құралдарының болуы.

  «Облыстың жергілікті атқарушы
органдарының жануарлар дүниесін
пайдаланушыларға аңшылық алқаптар
мен балық шаруашылығы су айдындарын
және (немесе) учаскелерін бекітіп
беру мен аңшылық және балық
шаруашылықтарының қажеттіліктері
үшін сервитуттарды белгілеу
жөнінде шешімдер қабылдауы»
мемлекеттік қызмет регламентіне 8-қосымша

1. Кесте. Инспекцияларға, жергілікті атқару органға конкурсқа өтінген кезде құрылымдық-функционалдық бірліктері іс-әрекеттерінің сипаттамасы:


1Іс-әрекеттер(жұмыс барысының, ағымының) №12345
2Құрылымдық-функциональдық бірліктерінің атауыИнспекциялардың, жергілікті атқару органның конкурстық комиссияларының хатшыларыИнспекциялардың, жергілікті атқару органның конкурстық комиссияларыИнспекциялардың, жергілікті атқару органның конкурстық комиссияларыОблыстық атқарушы органның кеңсесі, бөлім басшылары, маманы,Облыстық атқарушы органның маманы
3Іс-әрекеттер (үдірістің, тәртіптің, мәміленің) атауы және олардың сипаттамасыҚызмет алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тіркеуКонкурстың өтінімі бар конверттерді ашу, құжаттарды қарастыру, қорытындыларын шығаруконкурстың қорытындылары туралы хаттаманы жергілікті атқарушы органға жолдау үшін шығысқа тіркеу Аңшылық алқаптарды, балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру туралы қаулы әзірлеу, келісу және қабылдауға енгізуқаулы тіркеу
4Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастырушы-иеленуші шешімдер)Құжаттарды қабылдағандығы туралы қолхатӨткізілген конкурстың хаттамасын жасау– конкурстың қорытындылары туралы хаттаманы жергілікті атқарушы органға жолдауқаулы қабылдауМемлекеттік қызмет алушыға қаулыны беру
5Орындау уақыттары30 минуттан аспайдыКонкурстың өтінімі бар конверттерді ашқан күннен бастап 10 жұмыс күннен бастап он жұмыс күн ішіндеконкурстың қорытындыларын шығару күнінен бастап үш жұмыс күні ішіндеконкурс қорытындылары туралы хаттаманы алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде30 минуттан аспайды
6Келесі іс-әрекеттің нөмірі2345 

  «Облыстың жергілікті атқарушы
органдарының жануарлар дүниесін
пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен
балық шаруашылығы су айдындарын және
(немесе) учаскелерін бекітіп беру
мен аңшылық және балық шаруашылықтарының
қажеттіліктері үшін сервитуттарды
белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы»
мемлекеттік қызмет регламентіне
9-қосымша

2. Кесте. Инспекцияларға, жергілікті атқару органға конкурссыз бекітіп беруге өтінген кезде құрылымдық-функционалдық бірліктері іс-әрекеттерінің сипаттамасы:


1Іс-әрекеттер (жұмыс барысының, ағымының) №1234
2Құрылымдық-функциональдық бірліктерінің атауыИнспекциялардың мамандарыИнспекциялардың мамандарыОблыстық атқарушы органның кеңсесі, бөлім басшылары, маманы,Облыстық атқарушы органның маманы
3Іс-әрекеттер (үдірістің, тәртіптің, мәміленің) атауы және олардың сипаттамасыҚызмет алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тіркеуҚұжаттардың толықтығын тексеру Аңшылық алқаптарды, балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру туралы қаулыны әзірлеу, келісу және қабылдауға енгізуқаулыны тіркеу
4Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастырушы-иеленуші шешімдер)Құжаттарды қабылдағандығы туралы қолхатДұрыстығының қорытындысын шығару, ұсыным жолдау қаулыны қабылдауМемлекеттік қызмет алушыға қаулыны беру
5Орындау уақыттары30 минуттан аспайдыТапсырған сәттен бастап 2 жұмыс күн ішіндеайқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 20 күннен артық емесекі жұмыс күні ішінде беріледі
6Келесі іс-әрекеттің нөмірі234 

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады