Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 15.01.2020 № 89 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-6) тармақшасына сәйкес Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тараз қаласы бойынша барлық меншіктердің ұйымдарына, мекемелеріне, кәсіпорындарына интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
2. "Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдарды бітірушілерді жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін белгіленген квотаға сәйкес жолдамамен қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4.Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкiмiнiң орынбасары Жақсылық Мырзабекұлы Сапаралиевке жүктелсiн.
Қала әкiмi | Б. Орынбеков |