2012 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 11 қаңтардағы № 11 қаулысы. Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 7 ақпанда 6-3-136 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 523 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 21.08.2015 № 523 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына және ""Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысына сәйкес, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, Жамбыл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізбесі 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі, нақты жағдайлары, қаржыландыру көздері және қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбек ақысы "2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңымен белгіленген ең төменгі жалақы көлемінің 1,5 еселенген мөлшерінде белгіленсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Үміткен Қапанқызы Наймановаға жүктелсін.
      5. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қоланысқа енгізіледі және 2012 жылдың 4 қаңтарынан пайда болған қатынастарға таралады.
      Жамбыл ауданының әкімі Н.Календеров
      КЕЛІСІЛДІ:
      Жамбыл облысы Жамбыл ауданының
      Қорғаныс істері жөніндегі
      бөлімінің бастығы подполковник
      О.Ивасик
      11 қаңтар 2012ж.

  Жамбыл ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 11 қаңтар
№ 11 қаулысына 1 қосымша

2012 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізбесі

      1. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      2. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Аса ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Айшабибі ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      4. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Ақбастау ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      5. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Ақбұлым ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      6. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Бесағаш ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      7. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Гродиково ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      8. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Ерназар ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      9. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      10. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Көлқайнар ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      11. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      12. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Қызылқайнар ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      13. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      14. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Құмшағал ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      15. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Қарой ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      16. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Пионер ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      17. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Полатқосшы ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      18. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Өрнек ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      19. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      20. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      21. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      22. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      23. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      24. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі” мемлекеттік мекемесі.

  Жамбыл ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 11 қаңтар
№ 11 қаулысына 2 қосымша

2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс


Жұмыс түрлері
Көлемі және нақты жағдайлары
Қаржы көздері
Сұраныс
Ұсыныс
1
Аудан аумағын экологиялық сауықтыру (көріктендіру, көгалдандыру және тазалық жұмыстары)
Толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi кесте бойынша
Жергілікті бюджет
60
60
2
"Жасыл ел" бағдарламасы бойынша егілген тал-дарақтардың сақталуын қамтамасыз ету
Толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi кесте бойынша
Жергілікті бюджет
40
40
3
Республикалық және аймақтық іс шараларын өткізуге жәрдемдесу
Толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi кесте бойынша
Жергіліктібюджет
30
30
4
Бюджеттік мекемелерді қысқы жылыту маусымына дайындау, соғыс ардагерлері мен мүгедектерге, жалғызбасты қарттарға жәрдемдесу
Толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi кесте бойынша
Жергілікті бюджет
20
20
 
Барлығы:
 
 
150
150

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады