2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 қазандағы № 471 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет Департаментінде 2012 жылғы 19 қазанда № 1830 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 523 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 21.08.2015 № 523 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 27 бабына, "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығына және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 Қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу үшін келесі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:

Найманова Үміткен Қапанқызы
Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы;
Абдуллаев Ермек Бекпенбетович
"Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрайымының орынбасары (келісімі бойынша);

Комиссия мүшелері:

Төребеков Талғат Дүйсебайұлы
"Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің Жамбыл аудандық Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары (келісімі бойынша);
Құрманәлі Бекболат Тұрғынұлы
"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бас дәрігерінің орынбасары, дәрігерлік комиссияның төрағасы (келісімі бойынша);
Түлкібаева Ғалия Марксқызы
"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мейірбикесі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша).

      3. "Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті Жамбыл аудандық Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді жүзеге асыру ұсынылсын.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 сәуірінен туындайтын қатынастарға таралады.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Найманова Үміткен Қапанқызына жүктелсін.
      Жамбыл ауданының әкімі Н. Календеров

      2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
      "КЕЛІСІЛДІ":
      "Жамбыл облысы Жамбыл ауданының
      Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Е. Абдуллаев
      02.10.2012 жыл
      "КЕЛІСІЛДІ":
      "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
      сақтау басқармасы Жамбыл аудандық
      орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу
      құқығындағы мемлекеттік коммуналдық
      кәсіпорнының бас дәрігері
      А. Сауруков
      02.10.2012 жыл
      "КЕЛІСІЛДІ":
      "Жамбыл облыстық Ішкі істер
      департаментінің Жамбыл аудандық
      Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      Т. Татенов
      02.10.2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады