Квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 19 қарашадағы № 529 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет Департаментінде 2012 жылғы 4 желтоқсанда № 1847 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 523 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 523 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Үміткен Қапанқызы Наймановаға жүктелсін.
      Жамбыл ауданының әкімі Н. Календеров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады