2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қордай ауданы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 205 қаулысы. Жамбыл облысы Қордай ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 20 сәуірде 6-5-142 нөмірімен тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімі аппаратының 15.11.2013 № 05-1357 хаты)

      Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімі аппаратының 15.11.2013 № 05-1357 хаты).

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 27 бабына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығына және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 Қаулысына сәйкес Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
      2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін аудандық шақыру комиссиясы келесі құрамда құрылсын:

Үйсімбаев Еркін Құлымбайұлы

-

Қордай ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

Джанабердиев Бауыржан Советұлы

-

«Жамбыл облысы Қордай ауданының Қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы, төраға орынбасары (келісім бойынша);

Комиссия мүшелері:

Тойбаев Ринат Еділбекұлы

-

«Жамбыл облысы Iшкi iстер Департаментiнің Қордай аудандық iшкi iстер бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi бастығының орынбасары, комиссия мүшесі (келісім бойынша);

Қадірбекова Зауреш Қалқаманқызы

-

«Жамбыл облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы Қордай аудандық орталық ауруханасы» шаруашылығы жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны бас-дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссия төрайымы (келісім бойынша);

Илимбаева Гүлнара Тастыбайқызы

-

«Жамбыл облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы Қордай аудандық орталық ауруханасы» шаруашылығы жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).

      3. «Жамбыл облысы Iшкi iстер Департаментiнің Қордай аудандық iшкi iстер бөлiмi» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) өздерінің құзыреті шегінде қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қордай ауданы әкімінің орынбасары Еркін Құлымбайұлы Үйсімбаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оны алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      
      Аудан әкімі                                Б.Байтөле

«Келісілді»:
«Жамбыл облысы Қордай ауданының
Қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi»
мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
Б.С.Джанабердиев
2012 жыл

«Жамбыл облысы Iшкi iстер Департаментiнің
Қордай аудандық iшкi iстер бөлiмi»
мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
М.Ө.Қырғызбаев
2012 жыл

«Жамбыл облысы әкiмдiгiнiң денсаулық
сақтау басқармасы Қордай аудандық
орталық ауруханасы» шаруашылығы
жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық
кәсiпорнының бас дәрiгерi
Э.Ф.Заманов
2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады