Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 01.03.2019 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, Қордай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қордай ауданындағы кейбір кәсіпорындарда және мекемелерінде қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Еркін Құлымбайұлы Үйсімбаевқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қордай ауданының әкімі | Б. Байтөле |
Қордай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 31 шілдесіндегі № 388 қаулысына қосымша |
Қордай ауданындағы кейбір кәсіпорындар мен мекемелерде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат үйін бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілейтін кәсіпорындар мен мекемелердің тізімі
№ | Кәсіпорындар мен мекемелердің атаулары | Нысаналы топтағы азаматардың категориясы | |
1 | "Жамбыл облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы Қордай аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны |
1 |
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар |
2 | "Қордай ауданы әкiмдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөнiндегi кәсіпорыны" шаруашылық жүргiзу құқығындағы коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорыны |
6 |
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар |
Барлығы: | 10 |
"Келісілді":
"Жамбыл облысы әкiмдiгiнiң денсаулық
сақтау басқармасы Қордай аудандық
орталық ауруханасы" шаруашылығы
жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық
кәсiпорнының бас дәрiгерi
Э.Ф.Заманов
2012 жылдың 30 шілдесі