Қордай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 1 наурыздағы № 111 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 наурызда № 4134 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қордай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Мырзағали Ыстыбайұлы Кузербаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Байтөле

  Қордай ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "__" ақпандағы
№ қаулысына қосымша

Қордай ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат үйіне бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгiлеу туралы" Қордай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 31 шілдедегі № 388 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-5-146 болып тіркелген, 2012 жылғы 5 қыркүйекте "Қордай Шамшырағы - Кордайский Маяк" газетінде жарияланған).

      2. "Коммуналдық мүлікті жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындау туралы" Қордай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 538 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2424 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 желтоқсан "Қордай Шамшырағы - Кордайский Маяк" газетінде жарияланған).

      3. "Аудан әкімі аппараты мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 295 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2732 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 қыркүйекте "Қордай Шамшырағы - Кордайский Маяк" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады