Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы № 13 қаулысы. Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 13 ақпанда № 6-8-133 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 қазандағы № 207 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 28.10.2022 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Т.Рысқұлов ауданындағы меншік нысандарының барлық ұйымдарында, кәсіпорындарында және мекемелерінде жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын қамтамасыз ету аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Райжанұлы Іңкәрбековке жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Нұралиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады