"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Т. Рысқұлов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы № 13 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-8-133 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Т. Рысқұлов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Т. Рысқұлов ауданы | |
әкімі | Е. Есиркепов |