Ескерту. Тақырыпқа өзгерістер енгізілді – Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 20.11.2014 № 28-14 шешімімен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Ескерту. Мәтініндегі бойынша "ветеринария ұйымдарының" деген сөз "агроөнеркәсіптік кешен" деген сөздермен ауыстырылды және "мемлекеттік денсаулық сақтау" деген сөздер алынып тасталды – Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 20.11.2014 № 28-14 шешімімен.
"Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 18 бабының 5 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:
1. Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына төрт айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде отын сатып алу үшiн әлеуметтiк көмек берiлсiн.
2. "Бір жолғы әлеуметтік көмек беру туралы" Т.Рысқұлов аудандық маслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 12-5 шешімінің (нормативтік қүқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-8-75 болып тіркелген, 2009 жылғы 31 қаңтардағы № 9 "Құлан таңы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет және өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Жантақбаев Бағдат Болатұлына жүктелсін.
4. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихат |
сесиясының төрағасы | хатшысы |
Т. Көпбаев | Б. Шамаев |