Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 31-11 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 сәуірде № 2617 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 52-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының 30.12.2019 № 52-5 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 18 бабының 5 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Т.Рысқұлов аудандық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына төрт айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде отын сатып алу үшiн әлеуметтiк көмек берiлсiн.

      2. Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" № 9-7 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1876 болып тіркелген, 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 7 (6837) "Құлан таңы. Огни Кулана" газетінде жарияланған) және "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Т.Рысқұлов аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 9-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Т.Рысқұлов аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 20 қарашадағы № 28-14 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2422 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қаңтардағы № 1 (7045) "Құлан таңы. Огни Кулана" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет және өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
      сесиясының төрағасы хатшысы
      К. Арыстанбеков Б. Шамаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады