"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына 6 бабына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 5 тармағына және Жамбыл облысы Әділет Департаментінің 2014 жылғы 6 қазандағы № 2-2-17/1569 ұсынысының негізінде, Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Т. Рысқұлов аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 желтоқсандағы "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" № 9-7 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1876 болып тіркелген, 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 7 "Құлан таңы. Огни Кулана" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің тақырыбындағы және мәтініндегі "ветеринария ұйымдарының" деген сөз "агроөнеркәсіптік кешен" деген сөздермен ауыстырылсын және "мемлекеттік денсаулық сақтау" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау және интернет ресурстарында жариялауды аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихат |
сессиясының төрағасы | хатшысы |
А. Кораласбаев | Б. Шамаев |