"Сарысу ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидаларын бекiту туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 маусымдығы № 5-5 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 26 қыркүйектегі N 9-6 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 16 қазанда № 1828 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 25-23 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 25.12.2013 № 25-23 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабының 2-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
      1. «Сарысу ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидаларын бекiту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 маусымдағы № 5-5 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-9-140 болып тіркелген, 2012 жылғы 21 шілдедегі № 63 аудандық «Сарысу» газетіне жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
      Аталған шешіммен бекітілген Сарысу ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларының 3 тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен және 3-1 тармақпен толықтырылсын:
      «3-1) жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнына;»
      «3-1. Сарысу ауданында тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшiн жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша, сондай-ақ жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге жеткiзушi ұсынған шот бойынша тұрғын үй көмегi бюджет қаражаты есебiнен көрсетiледi.»
      2. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      
      Аудандық мәслихат                          Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       хатшысы
      Т. Оразбаев                                Б. Дондаұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады