Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын айқындау туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 26 қыркүйектегі N 9-5 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 19 қазанда № 1831 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 маусымдағы № 30-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 10.06.2014 № 30-5 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 Қаулысымен бекітілген «Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет Стандартының 6 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
      1. Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық аумағының дамуы, қаржы және бюджет, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық бөліністі айқындау, кәсіпкерлік және ауылшаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Көкебаев Бахыт Керімбайұлына жүктелсін.
      3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      
      Аудандық мәслихат                          Аудандық мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       хатшысы
      Т. Оразбаев                                Б. Дондаұлы

Сарысу аудандық мәслихатының
2012 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 9-5 шешіміне қосымша

Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары

      1. Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектерi.
      2. 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін алты айдан кем емес жұмыс iстеген тұлғалар.
      3. Чернобыль атом электростанциясындағы апатты жоюға қатысқандар.
      4. Ауған соғысының мүгедектерi және қатысушылары.
      5. Ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған тұлғалар.
      6. Еңбек ардагерлері.
      7. І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектер және 18 жасқа дейінгі бала жастан мүгедектігі бар балалар.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - Сарысу аудандық мәслихатының 29.03.2013 № 13-6 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      8. Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын тұлғалар.
      9. Онкологиялық ауруымен ауыратын тұлғалар.
      10. Өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Жамбыл облысы бойынша ең төмен күнкөрiс деңгейiнен төмен аз қамтылған отбасылардың тұлғалары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады