«Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын айқындау туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 9-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 13-6 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 24 сәуірде № 1928 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 маусымдағы № 30-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 10.06.2014 № 30-5 шешімімен.

      РҚАО-ның ескертпесі:
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 Қаулысымен бекітілген «Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет Стандартының 6 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
      1. «Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын айқындау туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 9-5 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1831 болып тіркелген, 2012 жылдың 24 қазандағы № 90-91 аудандық «Сарысу» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген қосымшадағы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары:
      7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектер және 18 жасқа дейінгі бала жастан мүгедектігі бар балалар».
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық аумағының дамуы, қаржы және бюджет, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық бөліністі айқындау, кәсіпкерлік және ауылшаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Көкебаев Бахыт Керімбайұлына жүктелсін.
      3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      
      Аудандық мәслихат                          Аудандық мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       хатшысы
      Н. Прекешов                                Б. Дондаұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады