2012 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 22 ақпандағы N 49 Қаулысы. Жамбыл облысы Талас ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 15 наурызда № 6-10-131 тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабынның 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 3137-баптарына сәйкес, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылы коғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын аудан аумағындағы ұйымдардың тізбесі 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. 2012 жылғы қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары бекітілін және қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс, қатысушылардың еңбекақысының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздері 2-қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      3. «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық жұмыстардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 4 қаңтарынан туындаған қатынастарға таралады.
      5. Осы каулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары М.Ж.Тұрысбекке жүктелсін.
      
      Аудан әкімі                                А. Қарабалаев

«2012 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Талас ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 22 ақпандағы № 49 қаулысына келісім парағы

КЕЛІСІЛДІ
«Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің
Талас аудандық ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б.Бүркітбаев
22 ақпан 2012 ж.

Талас ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 22 ақпандағы
№ 49 қаулысына 1- қосымша

2012 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін уйымдардың тізбесі

      1. «Талас ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      2. «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3. «Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      4. «Талас ауданы әкімдігінің білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      5. «Талас ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      6. «Талас ауданы Ақкұм ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      7. «Талас ауданы Берікқара ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      8. «Талас ауданы Бостандық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      9. «Талас ауданы Көктал ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік  коммуналдық мекемесі;
      10. «Талас ауданы Қызыл-әуіт ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      11. «Талас ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      12. «Талас ауданы Қасқабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      13. «Талас ауданы Қаратау ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      14. «Талас ауданы Ойық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      15. «Талас ауданы Тамды ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      16. «Талас ауданы Үшарал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      17. «Талас ауданы С.Шәкіров ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      18. «Қаратау қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      19.«Талас ауданы әкімінің сәулет, қала кұрылысы және кұрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      20. «Талас ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      21. «Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      22. «Талас ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      23. «Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің Талас аудандық  ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
      24. Талас аудан әкімдігінің «Таза Қала» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Талас ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 22 ақпандағы
№ 49 қаулысына 2- қосымша

Қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, сұраныс пен ұсыныс, қатысушылардың еңбекақысының мөлшері және оларды каржыландырудың көздері

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

Атқарылатын жұмыс көлемі мен нақты жағдайлары

Сұраныс

Ұсыныс

Қатысушылардың еңбекақысының мөлшері (бір қатысушыға) және оларды қаржыландырудың көздері

1

Көркем безендіру және көғалдандыру

Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша, жұмыс мерзімді 9 ай. Қала, ауыл округтері бойынша көркем безендіру-120 километр. Қоқыстан тазарту жұмыстары-3 3000 куб метр, гүл және тал ағаштарын отырғызу - 10000 түп.

90

90

30 000 тенге жергілікті бюджет

2

Халыққа әлеуметтік көмек көрсетуге көмектесу

Толық емес жұмыс күні  жағдайында және икемді график бойынша,  жұмыс мерзімді 9 ай. Аудан бойынша әлеуметтік көмек түрлерін алушылардың құжаттарын рәсімдеуге көмектесу - 112000 құжат

5

5

30 000 тенге жергілікті бюджет

3

Кужаттарды рәсімдеуге техникалық көмек көрсету

Толық емес жұмыс күні  жағдайында және икемді график бойынша, жұмыс мерзімді 9 ай. Мекемелердегі кұжаттарды рәсімдеуге техникалық көмек көрсету - 17900 құжат

5

5

30 000 тенге жергілікті бюджет


Барлығы:


100

100



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады