Облыс орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Бірлескен Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 27 ақпандағы N 07/01 қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының 2012 жылғы 2 наурыздағы II сессиясының N 27 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 11 наурызда N 1905 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 24/07 бірлескен қаулысымен және Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 28 сәуірдегі N 30 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 11.04.2016 № 24/07 бірлескен қаулысымен және Қарағанды облыстық мәслихатының 28.04.2016 N 30 шешімімен (ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 10 бабының 1 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы, 1 тармағының 13) тармақшасына және 27 бабы, 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Облыс орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау ауыл шаруашылығын дамыту, жер қатынастары, табиғатты пайдалану және кәсіпкерлік мәселелерін үйлестіретін облыс әкімінің орынбасарына және облыстық мәслихаттың өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім Қарағанды облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
      4. Осы "Облыс орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" Қарағанды облысы әкімдігі және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы мен шешімі ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

Қарағанды облысының әкімі
Ә. Құсайынов
Сессия төрағасы
Н. Дулатбеков
Облыстық мәслихаттың хатшысы
Б. Жұмабеков

      

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2012 жылғы 27 ақпандағы N 07/01
және Қарағанды облыстық мәслихаттың
2012 жылғы 02 наурыздағы N 27
бірлескен қаулысы мен шешіміне
қосымша

Облыс орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары

 
1 шаршы метрдің базалық ставкасы (теңге)
Қарағанды қаласы (облыс орталығы)
1660
облыстық маңызы бар қалалар
1411
аудандық маңызы бар қалалар
1245

      

 
Кенттер
Ауылдық елді мекендер
1 шаршы метрдің базалық ставкасы (теңге)
1 шаршы метрдің базалық ставкасы (теңге)
далалық орманды, далалық және құрғақ далалық
415
249
жартылай шөлейт және шөлейт
299
166

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады