Қарағанды қаласында қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 қарашадағы N 04/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 11 желтоқсанда N 2015 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 8 маусымдағы N 23/07 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қаласының әкімдігінің 08.06.2016 N 23/07 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң әрекетке енеді) қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21 бабының 1 тармағына сәйкес жұмыс іздеу жолында қиындықтарға тап болған, қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мақсатында, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарағанды қаласында қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін жұмыс орындары жалпы санының 1 % мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж.Б. Ысқақов) қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға жұмысқа жолдама беру кезінде осы қаулыны басшылыққа алсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары И.Ю. Любарскаяға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі
М. Смағұлов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады