Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне тұрғын үйді ұстау және коммуналды қызметтерді төлеу шығындары бойынша материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қарағанды қалалық мәслихатының III шақырылған XLV сессиясының 2007 жылғы 31 қаңтардағы N 10 шешімі. Қарағанды қаласы әділет басқармасында 2007 жылғы 15 ақпанда N 8-1-51 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2012 жылғы 19 желтоқсандағы N 115 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2012.12.19 N 115 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеу шығындары бойынша ай сайын 2,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, материалдық көмек көрсетілсін.
      2. Уәкілетті орган болып табылатын "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Бөлім):
      1) бөлім тізімдері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді төлеу шығындары бойынша материалдық көмектің ай сайын, уақытылы тағайындалуын және жеке есеп шоттарына төленуін қамтамасыз етсін, ал материалдық көмекті алуға құқығы бар, Бөлім тізімдерінде жоқ тұлғаларға белгіленген тәртіп бойынша тұлғаның белгілі бір санатқа жататындығын растайтын құжатқа сәйкес, банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда ашылған зейнетақы мен жәрдемақы алушының жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініш тапсырады;
      2) материалдық көмек сомасы Бөлімнің тізімдері бойынша, банктік операцияларды жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы есеп-шоттарға аударылады;
      3) материалдық көмек көрсету шығындары "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" 007 бағдарламасында қаралған қаражат есебінен қаржыландырсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін (төрайымы Майра Мәжікенқызы Оспанова).
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      ІІІ шақырылған қалалық
      мәслихаттың кезекті
      XLV сессиясының төрайымы                   М. Оспанова

      Қалалық мәслихат хатшысы                   Қ. Бексұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады