Жезқазған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 24 мамырдағы № 6/51 "Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 31/286 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 5111 болып тіркелді. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 5 тамыздағы № 20/118 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 05.08.2024 № 20/118 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" қаулысына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Жезқазған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 24 мамырдағы № 6/51 "Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-2-156 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 22 маусымдағы № 26 (7776) "Сарыарқа" газетінде және 2012 жылғы 22 маусымдағы № 25 (321) "Жезказганская правда" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ереженің 3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге, сонымен қоса телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне жұмсалатын отбасының (азаматтың) шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының (адамның) жиынтық табысының алты пайызы мөлшерінде белгіленеді.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Жумкина
      Қалалық маслихаттың хатшысы С. Медебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады