Теміртау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 16 ақпандағы N 7/3 "2012 жылы жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіптік практиканы ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 31 мамырдағы N 21/3 қаулысы. Қарағанды облысы Теміртау қаласы Әділет басқармасында 2012 жылғы 29 маусымда N 8-3-143 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 18 шілдедегі N 29/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 18.07.2013 N 29/1 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-2-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы N 378 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қаулысын орындау мақсатында, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Теміртау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 16 ақпандағы N 7/3 "2012 жылы жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіптік практиканы ұйымдастыру туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-3-135 болып тіркелген, 2012 жылғы 22 наурыздағы N 12 "Новый Теміртау" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1-тармақ алынып тасталсын;
      2) қаулының 2-тармағы "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі" сөздерінен кейін "және Теміртау қаласы әкімдігінің "Теміртау қаласының жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" сөздерімен толықтырылсын;
      3) қаулының 2-тармағының 3) тармақшасында:
      "қалалық" сөзі "жергілікті" сөзімен ауыстырылсын;
      "Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар" 102 бағдарламашасында" сөздерінен кейін "және "Республикалық бюджеттен нысаналы ағымдық трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасы бағдарламаларын кеңейту" 103 бағдарламашасында" сөздерімен толықтырылсын;
      4) қаулының 2-тармағының 4) тармақшасы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "жастар практикасына қатысушылардың еңбекақысын 2012 жылға белгіленген ең төменгі еңбекақы мөлшерінен төмен болмайтын, бюджетпен белгіленген қаражат шегінде белгілесін".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Юрий Викторович Жулинге жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Теміртау қаласының әкімі                   Н. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады