Қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 27 сәуірдегі "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 44/342 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2012 жылғы 14 наурыздағы N 2/22 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 16 сәуірде N 8-4-273 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 24/176 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 24.12.2013 № 24/176 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" N 394 Қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 27 сәуірдегі N 44/342 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-233 болып тіркелген, 2011 жылғы 3 маусымдағы N 62-63 (11731) "Балқаш өңірі", 2011 жылғы 3 маусымдағы N 59-60 (770) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1 тармағында:
      12) тармақша алынып тасталсын;
      13) тармақшадағы "қала ішілік" деген сөз "қалалық" деген сөзге ауыстырылсын;
      14) тармақшадағы "I, II топтағы мүгедектер" деген сөздер "I, II, III топтағы мүгедектер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16) тармақшадағы "I түрдегі" сөз алынып тасталсын;
      20) тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "20) Қарттар күніне жетпіс жасқа келген және одан асқан зейнеткерлер;";
      келесі мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:
      "21) АИТВ – дертін жұқтырғандар.";
      2) келесі мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Әлеуметтік көмек алу үшін құжаттар тізбесі анықталсын:
      1) 9), 10), 11), 15) 17), 21) тармақшаларда көрсетілген азаматтар санаттары үшін:
      өтініш;
      алушының жеке басын куәландыратын құжаттың немесе жеке басын растайтын басқа құжаттың көшірмесі;
      азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      ағымдағы жылы жалпы білім беретін мектепті, орта арнаулы оқу орнын бітіргені туралы аттестаттың немесе дипломның көшірмесі (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін);
      ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәліктің немесе жетімдігін растайтын басқа құжаттың көшірмесі (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін);
      дәрігерлік-консультативтік комиссияның анықтамасы (туберкулезбен ауыратындарға, онкологиялық ауруларға, АИТВ-дертін жұқтырғандарға және қант диабетімен ауыратын мүгедектерге).
      2) 13) тармақшада көрсетілген азаматтар санаты үшін:
      көмек алушының банктік қызметтерді жүзеге асыруға сәйкес лицензиясы бар ұйымдарда жеке шоты көрсетілген өтініш;
      алушының жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;
      азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      еңбек кітапшасы немесе жеке еңбек шартының көшірмесі (зейнеткерлерден басқа);
      жәрдемақы немесе зейнетақы алушының куәлігінің көшірмесі (немесе әлеуметтік төлемнің мөлшері туралы анықтама);
      бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
      жеке кәсіпкер ретінде тіркеу фактісінің жоқтығы туралы салық басқармасынан анықтамасы.
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсыналады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      3) 1), 2), 3), 4), 5), 6), 14), 20) тармақшаларда көрсетілген азаматтар санаттары үшін зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы Қарағанды облыстық филиалының Балқаш аудандық бөлімшесі ұсынған тізімдер негізінде.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Сессия төрағасы                            М. Сулейменов

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                Қ. Рахимберлина

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қала әкімі                                 Тейлянов К.Г.
      14 наурыз 2012 жыл

      "Балқаш қаласының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Томпиева Ж.К.
      14 наурыз 2012 жыл

      "Балқаш қаласының қаржы
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Тлеулесова Ж.М.
      14 наурыз 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады