Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 24.12.2013 № 24/176 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың санаттары бекітілсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
2) Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары;
3) қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi);
4) қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтар;
5) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерiмен наградталған адамдар;
6) 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар;
7) Ауғаныстандағы ұрыс-қимылдарына қатысушылар (зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталық бөлімшесінің тізіміне сәйкес);
8) Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысушы тұлғалар (зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталық бөлімшесінің тізіміне сәйкес);
9) аз қамтылған отбасылар балалары және ата-аналары өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар жаңа оқу жылына;
10) ағымдағы жылы жалпы білім беретін мектепті, орта арнаулы оқу орнын аяқтаған жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
11) амбулаторлық ем алу кезеңінде туберкулезбен ауыратындар;
12) алынып тасталды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2012.03.14 N 2/22 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді) шешімімен.
13) қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жол ақысына мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін есепке алып, зейнетақылары мен әлеуметтік жәрдемақылары зейнетақының ең төменгі мөлшерінен аспайтын, жұмыс істемейтін азаматтар;
14) 18 жастан асқан I, II, III топтағы мүгедектер және мүгедек балалар;
15) қимыл белсенділігінің деңгейі төмен, өзгенің күтімі мен көмегіне мұқтаж жалғыз басты I, II топ мүгедектеріне үйде әлеуметтік қызмет көрсету үшін;
16) қант диабеті ауруымен ауыратын мүгедектер;
17) дәрігерлік-кеңес комиссиясы анықтамасы негізінде, операциядан кейінгі емделу кезеңіндегі онкологиялық аурумен ауыратындар;
18) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар әлеуметтік бейімделу және оңалту үшін;
19) "Алтын алқа" және "Күміс алқа" белгісімен марапатталған көп балалы аналар;
20) Қарттар күніне жетпіс жасқа келген және одан асқан зейнеткерлер;
21) АИТВ – дертін жұқтырғандар.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2012.03.14 N 2/22 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді) шешімімен.
1-1. Әлеуметтік көмек алу үшін құжаттар тізбесі анықталсын:
1) 9), 10), 11), 15) 17), 21) тармақшаларда көрсетілген азаматтар санаттары үшін:
өтініш;
алушының жеке басын куәландыратын құжаттың немесе жеке басын растайтын басқа құжаттың көшірмесі;
азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
ағымдағы жылы жалпы білім беретін мектепті, орта арнаулы оқу орнын бітіргені туралы аттестаттың немесе дипломның көшірмесі (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін);
ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәліктің немесе жетімдігін растайтын басқа құжаттың көшірмесі (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін);
дәрігерлік-консультативтік комиссияның анықтамасы (туберкулезбен ауыратындарға, онкологиялық ауруларға, АИТВ-дертін жұқтырғандарға және қант диабетімен ауыратын мүгедектерге).
2) 13) тармақшада көрсетілген азаматтар санаты үшін:
көмек алушының банктік қызметтерді жүзеге асыруға сәйкес лицензиясы бар ұйымдарда жеке шоты көрсетілген өтініш;
алушының жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;
азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
еңбек кітапшасы немесе жеке еңбек шартының көшірмесі (зейнеткерлерден басқа);
жәрдемақы немесе зейнетақы алушының куәлігінің көшірмесі (немесе әлеуметтік төлемнің мөлшері туралы анықтама);
бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
жеке кәсіпкер ретінде тіркеу фактісінің жоқтығы туралы салық басқармасынан анықтамасы.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсыналады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
3) 1), 2), 3), 4), 5), 6), 14), 20) тармақшаларда көрсетілген азаматтар санаттары үшін зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы Қарағанды облыстық филиалының Балқаш аудандық бөлімшесі ұсынған тізімдер негізінде.
Ескерту. Шешім 1-1 тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2012.03.14 N 2/22 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді) шешімімен.
2. Әлеуметтік көмектің көлемі Балқаш қаласының әкімдігімен анықталады.
3. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету шығындары "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" 451007 бағдарламасы бойынша қала бюджетінде қарастырылған қаржы шегінде қаржыландырылады.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, заңдылық және азамат құқығы, әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Баймағанбетов Е.К.).
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді және 2011 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таралады.
Сессия төрайымы,
қалалық мәслихаттың хатшысы И. Сторожко
"КЕЛІСІЛДІ"
Қала әкімі Тейлянов Қ.Г.
27 сәуір 2011 жыл
"Балқаш қаласының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Томпиева Ж.К.
27 сәуір 2011 жыл
"Балқаш қаласының
қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығының
міндетін атқарушы Тлеулесова Ж.М.
27 сәуір 2011 жыл