2013 жылға халықтың нысаналы тобын анықтау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 11 наурыздағы N 52 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 4 сәуірде N 2279 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 15 мамырдағы N 51/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 15.05.2014 N 51/1 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, азаматтарға әлеуметтік қолдау бойынша қосымша шаралар көрсету мақсатында Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын тұрғындардың келесі қосымша санаттары белгіленсін:
      1) 29 жасқа дейінгі жастар;
      2) 7 жасқа дейінгі баласы бар отбасылар;
      3) 45 жастан жоғары тұлғалар;
      4) ұзақ уақыт (бір жылдан артық) жұмыс істемейтін тұлғалар;
      5) мүгедек балаларды және мүмкіншілігі шектеулі балаларды тәрбиелеуші ата-аналар;
      6) колледждер және кәсіптік лицейлердің түлектері оқу орнын бітіргеннен кейінгі он екі ай кезеңінде.
      2. Қаражал қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы N 16 "2012 жылғы халықтың нысаналы тобын анықтау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 10 ақпанда нөмірі 8-5-122 болып тіркелген, "Қазыналы өңір" газетінің 2012 жылғы 18 ақпандағы N 7 санында жарияланған) қаулысының күші жойылған деп танылсын.
      3. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н. Гармашова) басымдылық тәртіпте халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыздарды мемлекеттік әлеуметтік қорғау шараларымен қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. Құрмансейітовке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаражал қаласының әкімі                    Ғ. Әшімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады