Жергілікті өкілетті органдардың шешiмдерi бойынша әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсету үшін мұқтаж азаматтардың жеке санаттағы топтарының тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының II сессиясының 2012 жылғы 28 наурыздағы N 20 шешімі. Қарағанды облысы Қаражал қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 27 сәуірде N 8-5-128 тіркелді. Күші жойылды - Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 18 мамырдағы № 29 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 18.05.2023 № 29 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТI:

      1. Әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсету үшін мұқтаж азаматтардың жеке санаттағы топтарының тізбесі анықталсын:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

      2) Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдар;

      3) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары;

      4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдар;

      5) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері);

      6) қайтыс болған соғысқа қатысушылардың әйелдері (күйеулері);

      7) Ұлы Отан соғысы жылдарында 6 айдан кем емес жұмыс істегендер;

      8) Ауғанстан Республикасы аумағында ұрыс әрекеттеріне қатысқандар;

      9) 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды және мүмкіншіліктері шектелген балаларды тәрбиелейтін отбасылар;

      10) 75 және одан жоғары жастағы зейнеткерлер;

      11) 1, 2, 3 топтағы мүгедектер;

      12) туберкулезбен ауыратын адамдар;

      13) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алушылар;

      14) 18 жасқа дейінгі төрт және одан көп балалары бар аналар;

      15) 17 айлық есептік көрсеткіштен көп емес зейнетақы алатын зейнеткерлер.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала және құқық қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына (С. Сыртанбеков) жүктелсiн.

      3. Осы шешiм алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

II сессияның төрағасы

Е. Қуанышев

Қалалық мәслихаттың хатшысы

З. Оспанова

Келiсiлдi:


"Қаражал қаласының жұмыспен қамту


және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi"


мемлекеттiк мекеменiң бастығы

Н. Гармашова


      28 наурыз 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады