Қаражал қалалық мәслихатының 2012 жылғы 28 наурыздағы II сессиясының N 19 "Қаражал қаласының аз қамтылған тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының VIII сессиясының 2012 жылғы 28 қыркүйектегі N 65 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 24 қазанда N 1956 тіркелді. Күші жойылды - Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 23 мамырдағы № 159 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 23.05.2024 № 159 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қаражал қалалық мәслихатының 2012 жылғы 28 наурыздағы II сессиясының N 19 "Қаражал қаласының аз қамтылған тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-5-127 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 12 мамырдағы N 18 "Қазыналы өңір" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің тақырыбындағы, осы шешіммен бекітілген Қаражал қаласының аз қамтылған тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің тақырыбындағы және 1, 2, 3 қосымшаларындағы орыс тіліндегі "предоставления" сөзі "оказания" сөзімен ауыстырылсын;

      Ереженің 7, 8 тармақтары алынып тасталынсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала және құқықтық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (С. Сыртанбеков) жүктелсін.

      3. Осы шешiм оның алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

VIII сессияның төрағасы

М. Кәрібаев

Қалалық мәслихаттың хатшысы

З. Оспанова


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады