Сәтбаев қалалық мәслихатының 2012 жылғы 21 ақпандағы "Сәтбаев қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 26 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2012 жылғы 13 қарашадағы N 92 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 5 желтоқсанда N 2003 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 тамыздағы N 262 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 20.08.2014 N 262 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2012 жылғы 21 ақпандағы "Сәтбаев қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 26 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-6-136 болып тіркелген және "Шарайна" газетінің 2012 жылғы 21 наурыздағы 23 (1994) нөмірінде ресми жарияланған), "Сәтбаев қалалық мәслихатының 2012 жылғы 21 ақпандағы "Сәтбаев қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 26 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Сәтбаев қалалық мәслихатының 2012 жылғы 17 тамыздағы N 73 шешімімен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1930 болып тіркелген және "Шарайна" газетінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі 48 (2019) нөмірінде ресми жарияланған) өзгерістер енгізілген, келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) шешімнің тақырыбындағы "көрсету ережесін" деген сөздер және шешімнің 1 тармағындағы "көрсету ережесі" деген сөздер "көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау ережесін" және "көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау ережесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) Ереженің тақырыбындағыкіріспесіндегі және қосымшаларындағы "көрсету ережесі" және "көрсету ережесіне" деген сөздер "көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау ережесі" және "көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау ережесіне" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрайымы Қоңырова Әлия Мешітбайқызы) жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            С. Орал

      Қалалық мәслихат хатшысы                   С. Имамбай

      Келісілді:

      "Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Т. Қапарова
      2012 жылғы 13 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады