"Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы N 47/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 25 қаңтарда N 2141 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 17 мамырдағы N 19/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 17.05.2013 N 19/01 қаулысымен.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңдарына және "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру", "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру", "Іздестіру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың телнұсқасын беру", "Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияларға телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі N 745 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2010 жылғы 7 қазандағы N 1036 және "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 394 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1128 қаулысына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру" мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. "Саран қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) белгіленген заңды тәртіпте бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулының ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Мейрам Муратович Кожуховқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Саран қаласының әкімі                      С. Касимов

Саран қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
N 47/02 қаулысымен бекітілген

"Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру"
мемлекеттік қызмет регламенті

1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы "Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру" мемлекеттiк қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі – Регламент) келесі ұғымдар пайдаланылады:
      1) Орталық - жеке және (немесе) заңды тұлғаларға "жалғыз терезе" қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және құжаттарды беру жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсетілуін ұйымдастыруды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорын оның филиалдары және тұлғалары:
      2) тұтынушы – жеке және заңды тұлға;
      3) уәкілетті орган – сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын "Саран қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" (бұдан әрі – уәкілетті орган).

2. Жалпы ережелер

      2. Мемлекеттік қызмет осы Регламентке 2 қосымшада көрсетілген уәкілетті органмен, сондай-ақ баламалы негізде Орталықпен көрсетіледі.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1 бабының 49) тармақшасының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы "Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы" N 425 қаулысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру", "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру", "Іздестіру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың телнұсқасын беру", "Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияларға телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі N 745 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2010 жылғы 7 қазандағы N 1036 және "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 394 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" N 1128 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар

      5. Мемлекеттік қызмет Саран қаласында тіркелген тұтынушыларға көрсетіледі.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі:
      1) осы регламенттің 10 тармағында көрсетілген құжаттарды берген сәттен бастап:
      3 (үш) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) – жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау кезінде;
      7 (жеті) жұмыс күн ішінде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) – жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне бару және мекенжайдың тіркеу кодын көрсетіп, оны "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде міндетті тіркей отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне нөмір беру, оны өзгерту немесе жою кезінде жүргізіледі.
      Электрондық сұрау салу көзделмеген;
      2) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 20 минуттан аспайды;
      3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты - 20 минуттан аспайды;
      4) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - 20 минуттан аспайды.
      7. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      8. Уәкілетті органда мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын, дүйсенбіден сенбіге дейін, мекенжайлары және телефондары осы регламенттің 1 қосымшаларда көрсетілген уәкілетті органның белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес көрсетіледі.
      Орталықта мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын, дүйсенбіден жұмаға дейін, мекенжайлары және телефондары осы регламенттің 1 қосымшаларда көрсетілген уәкілетті органның белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес көрсетіледі.
      Орталықта қабылдау алдын ала жазылусыз және тездетіп қызмет көрсетусіз, "электрондық" кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
      Тұтынушының қалауы бойынша электрондық кезекті "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы броньдауға болады.
      9. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушымен өтініш жасаған сәттен мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру сәтіне дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
      1) тұтынушы уәкілетті органға жүгінеді немесе Орталыққа өтініш береді;
      2) Орталықтың инспекторы өтінішті тіркеуді жүргізеді және Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторына береді;
      3) Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттардың тiзiлiмiн әзірлейді және уәкілетті органға жолдайды;
      4) жауапты орындаушы келіп түскен құжаттарды тексереді, қызмет көрсету нәтижесін ресiмдейдi, дәлелді бас тартуды немесе анықтаманы дайындайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Орталыққа немесе тұтынушыға жолдайды;
      5) Орталықтың инспекторы тұтынушыға анықтаманы немесе дәлелді бас тартуды береді.

4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдісінде іс-әрекет (өзара әрекет) тәртібінің сипаттамасы

      10. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы:
      жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау үшін:
      1) еркін нысандағы өтініш;
      2) тіркеу туралы куәліктің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің (заңды тұлғалар үшін) көшірмелері норма 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
      Құжаттардың мәліметтері:
      3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжат, меншік иесінен сенімхаттың түпнұсқасы (өтінішті өкіл берген жағдайда);
      4) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжат (мемлекеттік қызметті алушы – жеке тұлғаның уәкілетті өтініш алушысы);
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган өз бетімен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында алады;
      жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру, оны өзгерту және жою үшін:
      1) еркін нысандағы өтініш;
      2) әкімдік қаулысының немесе әкімдік шешімінің көшірмесі (жобалау, құрылыс);
      3) жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспортының көшірмесі;
      4) блоктың (гараждар және саяжайлар үшін) реттік нөмірі мен нөмірін көрсете отырып, елді мекеннің сәулетшісімен келісілген гараж кооперативі (бау-бақша серіктестігі) жер учаскесінің бас жоспары;
      5) кооператив (гараждар және саяжайлар үшін) мүшелерінің тізімін қоса беріп, мүшелігін растау туралы кооператив төрағасының анықтамасы, жылжымайтын мүлік орталығы мұрағатынан (қажет болған жағдайда) қорытынды;
      6) жылжымайтын мүлік объектісін бұзу актісі (қажет болған жағдайда);
      7) тұтынушының мүддесін үшінші тұлға білдірген кезде нотариалды куәландырылған сенімхат;
      8) тұтынушының жеке куәлігі (мемлекеттік қызметті алушы – жеке тұлғаның уәкілетті алушысы);
      9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжат.
      11. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган өз бетімен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында алады.
      12. Орталық қызметкерi құжаттар пакетiн қабылдау кезiнде көшiрменiң түпнұсқаға сәйкестiгiн салыстырып тексереді және түпнұсқаны өтiнiш берушiге қайтарады
      13. Құжаттарды қабылдау Орталықтарда "жалғыз терезе" қағидаты бойынша "кедергісіз қызмет көрсету" арқылы жүзеге асырылады, онда қызметтің мақсаты және атқаратын функциялары туралы ақпарат орналастырылады, онда Орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі.
      14. Тұтынушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
      1) сұраудың нөмірі және қабылданған күні;
      2) сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттарды беру күні, уақыты мен орны;
      5) құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты;
      6) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіледі.
      15. Құжаттар сәйкес келген кезде Орталық қоса берілген құжаттармен бірге өтінішті уәкілетті органға жібереді.
      16. Орталық уәкілетті органға құжаттарды жеткізуді және одан кері алуды осы өтініштер қабылданған күні кемінде 2 рет жүзеге асырады.
      17. Уәкілетті органнан орындалған құжаттар қолхатқа көрсетілген мерзімнің аяқталуына бір күн қалғанда Орталыққа түсуге тиіс.
      18. Тұтынушыға Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде дайын анықтаманы беруді "терезелер" арқылы қолхатта көрсетілген мерзім негізінде Орталықтың қызметкері жүзеге асырады.
      19. Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзімінде келмеген жағдайда, Орталық оларды 3 (үш) ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді.
      20. Тұтынушы осы регламенттің 11 тармағында көрсетілген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда, Орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      Орталықтың қызметкері құжатты қабылдаудан бас тартқан кезде өтініш иесіне жетпей тұрған құжатты көрсете отырып қолхат беріледі.
      21. Уәкілетті орган Орталықтан түскен, осы регламенттің 10 тармағында көрсетілген құжаттарды ресімдеуде қателер анықталған жағдайда құжаттардың пакетін алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) оларды қайтарудың себебін жазбаша негіздей отырып, Орталыққа қайтарады.
      22. Құжаттар пакетiн алғаннан кейiн Орталық 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде тұтынушыны хабардар етедi және уәкiлеттi органның қайтару себебi туралы жазбаша негiздемесiн ұсынады.
      23. Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы немесе Орталықтың қызметкері бас тартқан жағдайда тұтынушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабарланады және уәкілетті органның бас тартуы туралы жазбаша негіздеме береді.
      24. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) тартылады – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын уәкілетті органның және Орталықтың жауапты тұлғалары:
      1) Орталықтың инспекторы;
      2) Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы;
      3) уәкілетті органның басшылығы;
      4) уәкілетті органның жауапты орындаушысы.
      25. Әр әкімшілік әрекеттің, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттер реттілігін және өзара әрекетінің мәтінді кестелік сипаттамасы осы Регламентке 3 қосымшада келтірілген.

5. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      26. Уәкілетті органның және Орталықтың басшысы (бұдан әрі – лауазымды тұлға) мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты тұлға болып табылады.
      Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға жауапкершілікте болады.

"Жылжымайтын мүлік объектілерінің
мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру"
мемлекеттiк қызмет регламентіне
1 қосымша

Уәкілетті органның және Орталықтың мекенжайлары:

Р/с N

Атауы

Заңды мекенжайы

Телефон нөмiрлерi

1.

"Саран қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 67

8(72137) - 2-56-41

2.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің халыққа қызмет көрсету орталығының мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және үйлестіру жөніндегі Комитеті "Қарағанды облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы

Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 85/3

8 (72137) 4-25-26

3.

Республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Саран қаласының бөлімі Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация Министрлігінің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және бақылау мен халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметтерін үйлестіру бойынша "Қарағанды облысы бойынша ХҚКО" комитеті Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Саран қаласындағы бөлімінің Ақтас поселкесіндегі өкілдігі

Қарағанды облысы, Саран қаласы, Ақтас поселкесі, Первомайская көшесі,16б

8 (72137) 5-50-34

      Ескертулер: ММ – мемлекеттік мекеме;

      РМК - республикалық мемлекеттік кәсіпорыны.

"Жылжымайтын мүлік объектілерінің
мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру"
мемлекеттiк қызмет регламентіне
2 қосымша

"Саран каласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ_______

(республика маңызы бар қаланың/облыстық маңызы бар қаланың/ауданның сәулет және қала құрылысы басқармасы/бөлімі)

Управление/отдел архитектуры и градостроительства города республиканского значения/города областного значения/района)

ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ОБЪЕКТІСІНҢ МЕКЕНЖАЙЫН ӨЗГЕРТУ ЖӨНІНДЕГІ АНЫҚТАМА

СПРАВКА ПО ИЗМЕНЕНИЮ АДРЕСА ОБЪЕКТА НЕДВИЖИМОСТИ

МЕКЕНЖАЙ ТІРКЕЛІМІ АЖ/ИС АДРЕСНЫЙ РЕГИСТР

N ___________

___________________________________________________________
(жылжымайтын мүлiк объектісі/объект недвижимости, единичное, неединичное строение)

Ескі мекенжайы:

Старый адрес:

(ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛАНЫҢ/ОБЛЫСТЫҢ АТАУЫ, АУДАННЫҢ АТАУЫ, СЕЛОЛЫҚ ОКРУГТІҢ АТАУЫ, ЕЛДІ МЕКЕННІҢ АТАУЫ, ГЕОНИМ АТАУЫ, МЕКЕНЖАЙ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН, НАИМЕНОВАНИЕ ГОРОДА РЕСПУБЛИКАНСКОГО ЗНАЧЕНИЯ/ОБЛАСТИ, НАИМЕНОВАНИЕ РАЙОНА, НАИМЕНОВАНИЕ СЕЛЬСКОГО ОКРУГА, НАИМЕНОВАНИЕ НАСЕЛЕННОГО ПУНКТА, НАИМЕНОВАНИЕ ГЕОНИМА, ЭЛЕМЕНТЫ АДРЕСА

Өзгертілді:

Изменен на:

(ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛАНЫҢ/ОБЛЫСТЫҢ АТАУЫ, АУДАННЫҢ АТАУЫ, СЕЛОЛЫҚ ОКРУГТІҢ АТАУЫ, ЕЛДІ МЕКЕННІҢ АТАУЫ, ГЕОНИМ АТАУЫ, МЕКЕНЖАЙ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН, НАИМЕНОВАНИЕ ГОРОДА РЕСПУБЛИКАНСКОГО ЗНАЧЕНИЯ/ОБЛАСТИ, НАИМЕНОВАНИЕ РАЙОНА, НАИМЕНОВАНИЕ СЕЛЬСКОГО ОКРУГА, НАИМЕНОВАНИЕ НАСЕЛЕННОГО ПУНКТА, НАИМЕНОВАНИЕ ГЕОНИМА, ЭЛЕМЕНТЫ АДРЕСА

Мекенжайды тiркеу коды:

Регистрационный код адреса:



Кадастрлық нөмiр:

Кадастровый номер:



Жойылған күні:

Дата упразднения:



Негіздеме құжат:

Документ основание:



Берілген күні:

Дата выдачи:



_____________________________________________________________________
(республика маңызы бар қаланың/облыстық маңызы бар қаланың/ауданның сәулет және қала құрылысы басқармасы/бөлімі)

Управление/отдел архитектуры и градостроительства города республиканского значения/города областного значения/района)

ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ОБЪЕКТІСІНЕ МЕКЕНЖАЙ БЕРУ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА

СПРАВКА О ПРИСВОЕНИИ АДРЕСА ОБЪЕКТА НЕДВИЖИМОСТИ

МЕКЕНЖАЙ ТІРКЕЛІМІ АЖ/ИС АДРЕСНЫЙ РЕГИСТР

N ___________

__________________________________________________________
(жылжымайтын мүлiк объектісі/объект недвижимости, единичное, неединичное строение)

Тұрақты/алдын-ала тiркеу адресi:

Постоянный/предварительный адрес регистрации:

(ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛАНЫҢ/ОБЛЫСТЫҢ АТАУЫ, АУДАННЫҢ АТАУЫ, СЕЛОЛЫҚ ОКРУГТІҢ АТАУЫ, ЕЛДІ МЕКЕННІҢ АТАУЫ, ГЕОНИМ АТАУЫ, МЕКЕНЖАЙ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН, НАИМЕНОВАНИЕ ГОРОДА РЕСПУБЛИКАНСКОГО ЗНАЧЕНИЯ/ОБЛАСТИ, НАИМЕНОВАНИЕ РАЙОНА, НАИМЕНОВАНИЕ СЕЛЬСКОГО ОКРУГА, НАИМЕНОВАНИЕ НАСЕЛЕННОГО ПУНКТА, НАИМЕНОВАНИЕ ГЕОНИМА, ЭЛЕМЕНТЫ АДРЕСА

Мекенжайды тiркеу коды: Регистрационный код адреса



Объектінің сипаттамасы:

Описание объекта



Объектінің санаты:

Категория объекта



Кадастрлық нөмiр:

Кадастровый номер



Тiркеу күнi:

Дата регистрации



Негіздеме құжат:

Документ основание



Берілген күні:

Дата выдачи



__________________________________________________________(республика маңызы бар қаланың/облыстық маңызы бар қаланың/ауданның сәулет және қала құрылысы басқармасы/бөлімі)

Управление/отдел архитектуры и градостроительства города республиканского значения/города областного значения/района)

ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ОБЪЕКТІСІНІҢ МЕКЕНЖАЙЫН ЖОЮ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА

СПРАВКА ОБ УПРАЗДНЕНИИ АДРЕСА ОБЪЕКТА НЕДВИЖИМОСТИ

МЕКЕНЖАЙ ТІРКЕЛІМІ АЖ / ИС АДРЕСНЫЙ РЕГИСТР

___________________________________________________________
(жылжымайтын мүлiк объектісі/объект недвижимости)

Тұрақты/ алдын ала тiркеу адресi:

Постоянный/предварительный адрес регистрации:

(ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛАНЫҢ/ОБЛЫСТЫҢ АТАУЫ, АУДАННЫҢ АТАУЫ, СЕЛОЛЫҚ ОКРУГТІҢ АТАУЫ, ЕЛДІ МЕКЕННІҢ АТАУЫ, ГЕОНИМ АТАУЫ, МЕКЕНЖАЙ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН, НАИМЕНОВАНИЕ ГОРОДА РЕСПУБЛИКАНСКОГО ЗНАЧЕНИЯ/ОБЛАСТИ, НАИМЕНОВАНИЕ РАЙОНА, НАИМЕНОВАНИЕ СЕЛЬСКОГО ОКРУГА, НАИМЕНОВАНИЕ НАСЕЛЕННОГО ПУНКТА, НАИМЕНОВАНИЕ ГЕОНИМА, ЭЛЕМЕНТЫ АДРЕСА

Мекенжайды тiркеу коды: Регистрационный код адреса



Объектінің сипаттамасы:

Описание объекта



Объектінің санаты:

Категория объекта



Кадастрлық нөмiр:

Кадастровый номер



Жойылу уақыты:

Дата упразднения



Негіздеме құжат:

Документ основание



Берілген күні:

Дата выдачи



__________________________________________________________
(Республика маңызы бар қаланың/облыстық маңызы бар қаланың/ауданның сәулет және қала құрылысы басқармасы/бөлімі)

Управление/отдел архитектуры и градостроительства города республиканского значения/города областного значения/района)

ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ОБЪЕКТІСІНІҢ МЕКЕНЖАЙЫН НАҚТЫЛАУ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА

СПРАВКА ОБ УТОЧНЕНИИ АДРЕСА ОБЪЕКТА НЕДВИЖИМОСТИ

МЕКЕНЖАЙ ТІРКЕЛІМІ АЖ/ИС АДРЕСНЫЙ РЕГИСТР

___________________________________________________________
(жылжымайтын мүлiк объектісі/объект недвижимости)

Тұрақты/алдын ала тiркеу адресi:

Постоянный/предварительный адрес регистрации:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, РЕСПУБЛИКА МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА /ОБЛЫС АТАУЫ, АУДАН АТАУЫ, АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ АТАУЫ, ЕЛДІ-МЕКЕН АТАУЫ, ГЕОНИМ АТАУЫ, МЕКЕНЖАЙ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН, НАИМЕНОВАНИЕ ГОРОДА РЕСПУБЛИКАНСКОГО ЗНАЧЕНИЯ/ОБЛАСТИ, НАИМЕНОВАНИЕ РАЙОНА, НАИМЕНОВАНИЕ СЕЛЬСКОГО ОКРУГА, НАИМЕНОВАНИЕ НАСЕЛЕННОГО ПУНКТА, НАИМЕНОВАНИЕ ГЕОНИМА, ЭЛЕМЕНТЫ АДРЕСА

Мекенжайды тiркеу коды:

Регистрационный код адреса



Объектінің сипаттамасы:

Описание объекта



Объектінің санаты:

Категория объекта



Кадастрлық нөмiр:

Кадастровый номер



Тiркеу күнi:

Дата регистрации



Негіздеме құжат:

Документ основание



Берілген күні:

Дата выдачи



"Жылжымайтын мүлік объектілерінің
мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру"
мемлекеттiк қызмет регламентіне
3 қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттердің функционалдық өзара әрекеттесу сызбасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады