Абай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 мамырдағы "Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 13/09 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қарашадағы N 33/15 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 желтоқсанда N 2017 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 21/13 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 03.06.2016 № 21/13 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмыспен қамту мақсатында, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Абай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 мамырдағы N 13/09 "Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" каулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-9-133 болып тіркелген, 2012 жылғы 19 мамырдағы N 19 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы";
       1 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "1. Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін меншік нысанына қарамастан, жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Әсем Айтжанқызы Жүніспековаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Абай ауданының әкімі
Е. Нашаров

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады