Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 1 маусымдағы N 09/03 "Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 3 қазандағы N 18/06 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 1 қарашада N 1961 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 45/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 02.09.2024 № 45/01 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 1 маусымдағы N 09/03 "Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-10-151 болып тіркелген, 2012 жылғы 29 маусымдағы N 28 (7345) "Тоқырауын тынысы" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      мемлекеттік тілдегі қаулының 3 тармағының 1) тармақшасындағы "ата-анасының біреуіне және мүгедек баланың" сөздері "үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне және" сөздеріне ауыстырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасары Қ. Нөкешке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнмен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ақтоғай ауданының әкімі

С. Әбеуова


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады