Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Атасу кенті тұрғындарының өтінішін қарай келе, Атасу кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Атасу кентінің шығыс бөлігіндегі орналасқан жаңа көшеге Аралбай батыр есімі берілсін.
2. Атасу кенті әкімі аппаратының бас маманы Медет Файзрахманович Мукажановқа көшеге ат беруге байланысты жұмыстарды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жүргізу Атасу кенті әкімінің орынбасары Мейрам Наурызбаевич Куанышбековке жүктелсін.
4. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кент әкімі Р. Тусупов