Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 24.12.2013 № 25/203 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiне, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың санаттары бекітілсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
2) Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары;
3) қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi);
4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар;
5) 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар;
6) Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысушы тұлғалар;
7) Ауғанстандағы ұрыс-қимылдарына қатысушылар мен мүгедектер;
8) қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, қайталап некеге отырмаған ата-ана, зайып (жұбай);
9) аз қамтылған отбасылар балалары және ата-аналары өмiрлiк қиын жағдайда жүрген балалар жаңа оқу жылына;
10) ағымдағы жылы жалпы бiлiм беретiн мектептi, орта арнаулы оқу орнын аяқтаған жетiм балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
11) мүгедек балалар және 18 жастан асқан I, II топтағы мүгедектер;
12) қимыл белсендiлiгiнiң деңгейi төмен, өзгенiң күтiмi мен көмегiне мұқтаж жалғыз басты I, II топ мүгедектерiне үйде әлеуметтiк қызмет көрсету үшiн;
13) дәрiгерлiк-кеңес комиссиясы анықтамасы негiзiнде, операциядан кейiнгi емделу кезеңiндегi онкологиялық аурумен ауыратындар;
14) өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамдар әлеуметтiк бейiмделу және оңалту үшiн;
15) "Алтын алқа" және "Күмiс алқа" белгiсiмен марапатталған көп балалы аналар;
1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 11) тармақшаларда көрсетiлген әлеуметтiк көмек төлемi зейнетақы төлеу жөнiндегi Мемлекеттiк орталық бөлiмшесiнiң тiзiмiне сәйкес жүргiзiлсiн;
16) амбулаторлық ем алу кезеңiнде туберкулезбен ауыратындар;
төлем денсаулық сақтау органдарының тiзiмi негiзiнде жүргiзiлсiн;
2. Әлеуметтік көмектің көлемі Қарқаралы ауданының әкімдігімен анықталады.
3. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету шығындары "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" 451007 бағдарламасы бойынша аудан бюджетінен қарастырылған қаржы шегінде қаржыландырылады.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет саясаты және экономика, аграрлық мәселе, экология, өндіріс, құрылыс, байланыс, көлік және коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Р. Әлин).
5. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енедi.
Сессия төрағасы,
аудандық Мәслихат хатшысы С. Нүркенов
КЕЛІСІЛДІ:
Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары
__________________ С. Әлиұлы
28 наурыз 2012 жыл
"Қарқаралы ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
__________________ Б. Жұманбаев
28 наурыз 2012 жыл
"Қарқаралы ауданының қаржы
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
__________________ Б. Ахметжанов
28 наурыз 2012 жыл