Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 12 маусымдағы N 154 қаулысы. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 9 шілдеде N 8-13-123 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 18 ақпандағы N 68 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 18.02.2014 N 68 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарына сәйкес Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үйден тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге құқығы бар тұлғаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін (бұдан әрі - Әлеуметтік көмек).
      2. Әлеуметтік көмек әр мүгедек балаға айына бір жарым айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде берілсін.
      Әлеуметтік көмекті тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің өзгеруін есепке ала төленсін.
      3. Келесі жағдайлар белгіленсін:
      1) мүгедек балаларға Әлеуметтік көмек (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және ата-анасы оларға қатысты ата-аналық құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) отбасының кірісіне тәуелсіз үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне және басқа заңды өкілдеріне беріледі;
      2) Әлеуметтік көмек өтініш берілген айдан бастап "Қарағанды облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жанындағы облыстық психологиялық-медикалық-педагогикалық кеңесінің қорытындысы мен белгіленген мерзім біткенге дейін көрсетіледі;
      3) Әлеуметтік көмек төленуі ай сайын қаржыландыруға байланысты жүргізіледі.
      Әлеуметтік көмекті тоқтататын жағдай бола қалса (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау), төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 24.01.2013 N 31 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Б. Жуманбаев) үйден тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалардың тұрғылықты жерлерінде Әлеуметтік көмектің тағайындалып және төленуін қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Әлиұлына жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 наурызынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Қарқаралы ауданының әкімі
К. Максутов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады