Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімдігінің 15.11.2021 № 46/1 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 18-1 бабына және 4 бабының 2 тармағының 5) тармақшасына, Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасының 4.3.1 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы N 972 қаулысына сәйкес, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Ұлытау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нысаналы топтары қатарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілердің тізімі N 1 Қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жұмыспен қамту бөлімі) Ұлытау ауданының әкімдігі коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жұмыспен қамту орталығы) заңда белгіленген тәртіппен Жұмыспен қамту бөлімінде немесе Жұмыспен қамту орталығында тіркелген нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды уақытша он екі айға дейін жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша шараларды қаржыландыру облыстық бюджеттегі 037 "Әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжірибесі бағдарламаларын кеңейтуге арналған аудандық бюджетінің ағымдағы мақсатты түрде трансферті" бағдарламасы бойынша көзделген облыстық бюджеттегі ағымдағы трансферттердің, сондай-ақ 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" бағдарламасы 103 "Республика бюджетінің ағымдағы нысаналы трансферттері есебінен әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейту" қосымша бағдарламасында көзделген Ұлытау ауданының бюджеті есебінен жүзгізілсін;
4. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілетін адамдардың орташа айлық аударымдар мөлшері жалпы трансферттер сомасынан жұмысқа орналастырылғандардың жоспарлы саны мен қатысу ұзақтығын ескеріп, міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қосқанда алғашқы алты айда жалақы мөлшері 50 % дейін немесе 26 000 теңге, келесі үш айда 30 % дейін немесе 15600 теңге, соңғы үш айда 15 % дейін немесе 7800 теңге мөлшерінде белгіленсін, жұмыс берушілердің бірлесіп қаржыландыру үлесі Жұмыспен қамту бөлімі, Жұмыспен қамту орталығы және жұмыс берушінің арасында жасалған шартпен айқындалады және айлық еңбекақының 50 % кем емес мөлшерін құрайды.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау ауданы әкімінің орынбасары Берік Базылұлы Ақышбековке жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа және 2012 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі | А. Омаров |
Ұлытау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 14 ақпандағы N 02/01 қаулысына қосымша |
Нысанды топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын, жұмыс берушілердің тізімі
N | Ұйымының атауы | Кәсіп (мамандығы) | Жұмыс орындарының саны | Жұмыс уақыты (айлар) | Айлық,жалақы мөлшері (теңге) | Өтемақы мөлшері (теңге) |
1 | "Смағұлов Е.Қ." жеке кәсіпкер | Есепші, оператор | 2 | 12-айға дейін | 52000 |
26000, 6 ай |
2 | "Жақанов А.Қ." жеке кәсіпкер | Оператор | 2 | 12-айға дейін | 52000 |
26000, 6 ай |
3 | Жеке шаруа "Бас көң" | Жұмысшылар | 2 | 12-айға дейін | 52000 |
26000, 6 ай |
4 | "Жараспаева Б." жеке кәсіпкер | Оператор | 2 | 12-айға дейін | 52000 |
26000, 6 ай |
5 | "Бақаева Г." жеке кәсіпкер | Аспазшы | 1 | 12-айға дейін | 52000 |
26000, 6 ай |
6 | "Дос" ауылдық тұтыну кооперативі | Жұмысшы | 1 | 12-айға дейін | 52000 |
26000, 6 ай |
7 | "Сарысу" шаруа шаруашылығы | Жұмысшылар | 5 | 6-айға дейін | 26000 | 26000, 6 ай |
Барлығы: | 15 |