Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ұлытау аудандық мәслихатының II сессиясының 2012 жылғы 12 сәуірдегі N 18 шешімі. Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 4 мамырда N 8-16-80 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 шілдедегі N 114 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 12.07.2013 N 114 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiне, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың санаттары белгіленсін:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
      2) Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары;
      3) Ұлы Отан соғысында қайтыс болған жауынгерлердің және соларға теңестірілген азаматтардың әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері);
      4) қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталмағандар;
      5) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдар;
      6) 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдар;
      7) Ауғаныстандағы ұрыс-қимылдарына қатысушылар (зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталық бөлімшесінің тізіміне сәйкес);
      8) Чернобыль Атомдық элетрстанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушы тұлғалар (зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталық бөлімшесінің тізіміне сәйкес);
      9) жалғызiлiктi және жалғыз тұратын еңбекке жарамсыз қарт азаматтар, зейнетақының ең төмен мөлшерiн алатын зейнеткерлер, жан басына шаққандағы табысы кедейлiк шегiне тең немесе жетпейтiн аз қамтылған отбасылар; отбасылары дүлей апаттар, өрт, жазатайым оқиғалар, қатерлi ауру түрлерi салдарынан ауыр материалдық жағдайға тап болған азаматтар бiржолғы ақшалай төлемдер ретiнде (материалды-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі бойынша);
      10) 18 жасқа толмаған жетім және мүгедек балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      11) 5 ай бойы амбулаторлық ем алу кезеңінде туберкулезбен ауыратындар;
      12) 18 жастан асқан I, II, III топтағы мүгедектер;
      13) дәрігерлік-кеңестік комиссияның анықтамасына сәйкес операциядан кейінгі емделу уақытындағы онкологиялық аурулармен ауыратын науқастар;
      14) әлеуметтік оңалтуға жататын өмірдің қиын жағдайларына душар болған адамдар;
      15) жетпіс және одан жоғары жастағы зейнеткерлер қарттар күніне;
      16) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне Желтоқсан оқиғасына қатысқандығын растайтын құжаттары бар адамдар.
      2. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету шығындары "Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек" 451007 бағдарламасы бойынша аудан бюджетiнде қарастырылған қаржы шегiнде қаржыландырылады.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік мәдени саланы дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына (Н. Ақтаев) жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы,
 
Ұлытау аудандық мәслихаттың
 
хатшысы
Т. Сейтжанов
КЕЛІСІЛДІ:
 
Ауданның жұмыспен қамту және
 
әлеуметтік бағдарламалар
 
бөлімінің бастығы
А. Жандарбеков
16.04.2012 ж.
 

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады