Шет ауданы бойынша мүгедектер үшін және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшiн жұмыс орындарының квотасын белгiлеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шет ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 28 мамырдағы N 13/01 қаулысы. Қарағанды облысы Шет ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 19 маусымда N 8-17-135 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 мамырдағы N 21/03 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 мамырдағы N 21/03 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-2), 5-5) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1) тармақшасына сәйкес, Шет ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шет ауданы бойынша жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерiнде мүгедектер үшiн және бір пайызы мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшiн жұмыс орындарының квотасы белгiленсiн.
      2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ә.Ж. Қауымбаевқа жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

Шет ауданы әкімінің
 
міндетін атқарушы
Б. Төлеуқұлов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады