Тасбөгет кенті көшелерінің бірін қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда қаласы Тасбөгет кенті әкімінің 2012 жылғы 09 қаңтардағы N 904 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қалалық Әділет басқармасында 2012 жылы 09 ақпанда N 10-1-206 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының Заңдарын 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңын және Қала әкімі жанындағы ономастикалық комиссияның 2011 жылғы 24 мамырдағы N 2/5 ұйғарымын басшылыққа алып, ШЕШЕМІН:
      1. Тасбөгет кентіндегі Проектируемый көшесі Жаңабай Дүйсенов есімімен қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау кент әкімі аппаратының бас маманы А. Таспановаға жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ӘКІМ                                  Ә. ҚҰТМАМБЕТОВ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады