"Тасбөгет кенті көшелеріне жаңадан атау беру туралы" Тасбөгет кенті әкімінің 2010 жылғы 11 қазандағы N 677 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда қаласы Тасбөгет кенті әкімінің 2012 жылғы 03 сәуірдегі N 937 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қалалық Әділет басқармасында 2012 жылы 04 мамырда N 10-1-211 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. "Тасбөгет кенті көшелеріне жаңадан атау беру туралы" Тасбөгет кенті әкімінің 2010 жылғы 11 қазандағы N 677 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 11 қарашадағы N 10-1-153 болып тіркелген, "Ақмешіт ақшамы" газетінде 2010 жылғы 19 қараша N 49 санымен жарияланған) өзгерістер енгізілсін.
      Тасбөгет кенті әкімінің 2010 жылғы 11 қазандағы N 677 шешімінің  кіріспе бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдары, Қызылорда қалалық ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 20 шілдедегі N 6/3 және 2010 жылғы 2 қыркүйектегі N 7/1 ұйғарымдары негізінде ШЕШЕМІН:".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау кент әкімінің орынбасары Ж. Байхадамовқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ӘКІМ                                 Ә. ҚҰТМАМБЕТОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады