Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 қарашадағы N 368 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 25 желтоқсанда N 4376 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 31 мамырдағы N 144 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 31.05.2013 N 144 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 251 Кодексінің 21-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңының 7 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 37-бабының 1 тармағына сәйкес, Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін үш процент мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына үш процент мөлшерінде квотасы белгіленсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Ф. Қожабергеновке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      АУДАН ӘКІМІ                                 М. ИМАНДОСОВ  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады