Біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі N 152 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 04 мамырда N 10-6-211 тіркелді. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 02 шілдедегі N 1/4-8/1207 хатымен)

      Ескерту. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2012.07.02 N 1/4-8/1207 хатымен).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 56720 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4 бабына сәйкес біржолғы материалдық көмек көрсету мақсатында, Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне), екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 67000 (алпыс жеті мың) теңгеден материалдық көмек 2012 жылдың 31 мамырына дейін берілсін.
      2. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға 25000 (жиырма бес мың) теңгеден материалдық көмек 2012 жылдың 31 мамырына дейін берілсін.
      3. 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға бір жолғы материалдық көмек (коммуналдық төлемдердің орнына) 19978 (он тоғыз мың тоғыз жүз жетпіс сегіз) теңгеден 2012 жылдың 31 мамырына дейін берілсін.
      4. Әлеуметтік қолдау мақсатында біржолғы материалдық көмек 2012 жылдың 31 мамырына дейін төмендегі мөлшерде берілсін:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне), екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға-40 айлық есептік көрсеткіш;
      2) бұрынғы КСР Одағының үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілер, жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер, ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілеріне, бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілеріне, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет өткерген, жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қазметшілерге, 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясындағы (бұдан әрі-АЭС) апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар және Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға -30 айлық есептік көрсеткіш;
      3) Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға, Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне -1,9 айлық есептік көрсеткіш;
      4) Кеңес Одағының батыры, "Халық қаhарманы", Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған, "Даңқ" орденінің үш бірдей дәрежесімен және "Отан" орденімен наградталған соғысқа қатысқандар мен мүгедектер қатарындағы қайтыс болған адамдарға әскери сый-сияпат көрсетіп, жерлеу және қабірінің басына құлпытас қоюға төлем мөлшері нақты жұмсалған сома бойынша бірақ 42 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      5. "Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б.Ибраева) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау өзіме қалдырамын.
      7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                          И. Болысбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады