"2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі N 86 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 10 мамырдағы N 164 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 10 мамырда N 10-6-212 тіркелді. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімі аппаратының 2013 жылғы 17 қаңтардағы N 1/4-9/123 хатымен

      Ескерту. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімі аппаратының 2013.01.17 N 1/4-9/123 хатымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі N 86 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 10-6-206 болып тіркелген, 2012 жылғы 11 сәуірінде аудандық "Жалағаш жаршысы" газетінің N 31 (8797) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жалағаш ауданындағы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.".
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі                   С. Сермағамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер
      министрлігі Қызылорда облысының
      Ішкі істер департаменті Жалағаш ауданының
      ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Абжапбаров Бағдат Әбшекенұлы
      ___________________________________
      "07" мамыр 2012 жыл

      Қызылорда облысының денсаулық сақтау
      басқармасының "Жалағаш аудандық емханасы"
      шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік
      коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері
      Каметов Ханзулла Садуақасұлы
      ___________________________________
      "07" мамыр 2012 жыл

      "Қызылорда облысы Жалағаш ауданының
      Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Айтжанов Манас Айтжанұлы
      _________________________________
      "07" мамыр 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады