Жалағаш ауданы әкімдігінің қаулысына 2012 жылғы 2 сәуірдегі N 86 "2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 23 қарашадағы N 397 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 10 желтоқсанда N 4360 тіркелді. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімі аппаратының 2013 жылғы 17 қаңтардағы N 1/4-9/123 хатымен

      Ескерту. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімі аппаратының 2013.01.17 N 1/4-9/123 хатымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 27-бабы 3-тармағына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі N 86 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 10-6-206 болып тіркелген, 2012 жылғы 11 сәуірде "Жалағаш жаршысы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес құрылсын.";
      қаулының 1-қосымшасының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Қ. Мұстафаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                       А. Дәрібаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Қорғаныс
      министрлігі Қызылорда облысы
      Жалағаш ауданының Қорғаныс істері
      жөніндегі біріктірілген бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ________________ М. Айтжанов
      "22" қараша 2012 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер
      министрлігі Қызылорда облысының
      Ішкі істер департаменті Жалағаш
      ауданының ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      __________________ А. Утегенов
      "22" қараша 2012 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қызылорда облысының денсаулық
      сақтау басқармасының "Жалағаш
      аудандық емханасы" шаруашылық
      жүргізу құқығындағы мемлекеттік
      коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері
      _________________ Х. Каметов
      "22" қараша 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады