Әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2012 жылғы 07 қыркүйектегі N 72 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 05 қазанда N 4320 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 15 тамыздағы N 178 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 15.08.2013 N 178 хатымен).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабы 5 тармағына сәйкес ШЕШЕМІЗ:
      1. Жаңақорған ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына, ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне, мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының медицина және фармацевтика қызметкерлеріне отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен біржолғы ақшалай өтемақы 6000 (алты мың) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      кезектен тыс X
      сессиясының төрағасы                        С. Ыскаков

      Аудандық мәслихат хатшысы                   А. Налибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады