РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
" Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және " Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 14.11.2014 N 438 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е. Әжікеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ғ. Әбілтай |