"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Сырдария ауданының әкімдігінің 2012 жылғы 19 наурыздағы № 107 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 3 сәуірде № 10-8-170 тіркелген, аудандық "Тіршілік тынысы" газетінде 2012 жылы 11 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Әжікеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ғ.Қазантаев |