Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 11 мамырдағы N 194 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 07 маусымда N 10-8-178 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 31 шілдедегі N 327 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 31.07.2013 N 327 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексі, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi N 394 қаулысымен бекiтiлген "Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттарды ресiмдеу" мемлекеттiк қызмет стандарты негiзiнде Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн білім алу кезеңінде тоқсан сайын әр балаға тоғыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде әлеуметтiк көмек көрсетiлсiн.
      2. "Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкiлеттi органы болып белгiленсiн.
      3. Әлеуметтiк көмек төлемi екiншi деңгейдегi банктер немесе тиiстi банктiк операциялар түрлерiне лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтiк көмек тұтынушының банктiк шотына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырылады.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Е.Әжікеновке жүктелсiн.
      5. Осы қаулы ол алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі                                Ғ. ӘБІЛТАЙ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады