Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 18.04.2014 № 73 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27–бабына, «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 5- бабының 4) тармақшасына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы (Н.А. Телегенов) осы қаулыны Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Х.Х. Нұрғалиеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Б. Мұхаметжанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақтау қаласының әкімі
Е.Т. Жаңбыршин
29 қазан 2012 ж.
Бейнеу ауданының әкімі
Б.А. Әзірханов
29 қазан 2012 ж.
Қазақстан Республикасы
Дін істері агенттігінің
Маңғыстау облысы
дін істері департаменті
директорының міндетін атқарушы
Н.Б. Жәмеков
29 қазан 2012 ж.
Маңғыстау облыстық ішкі саясат
басқармасының бастығы
Н.А. Телегенов
29 қазан 2012 ж.
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2012 жылғы 29 қазан
№ 263 қаулысына
қосымша
Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы
№ р/н | Діни әдебиет сатылатын үй - жайлардың атауы | Орналасқан орны |
---|---|---|
Ақтау қаласы бойынша | ||
1 | «Достық» сауда үйі |
26 шағын аудан, дүкен №22 |
Бейнеу ауданы бойынша | ||
1 | «Кітаптар әлемі» дүкені |
Бейнеу селосы, «Тәуелсіздік» алаңы, № 1 ғимарат |