Біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 3/36 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 29 мамырда № 11-1-178 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/154 шешімімен

      Ескерту. Ақтау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 24 сәуірдегі №  3/36 шешімінің қолданысы 2013 жылдың 28 наурызына дейін тоқтатылды - Ақтау қаласы мәслихатының 2013 жылғы 28 ақпандағы № 9/103 шешімімен;
      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 12.12.2013 № 16/154 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-ІV Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Біржолғы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - Көмек) жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға және мұқтаж азаматтарға ақшалай қаражат түрінде белгіленсін:
      аз қамтамасыз етілген отбасыларға; мүгедектерге; жалғыз басты аналарға; көшіп келген оралмандарға; Маңғыстау облысынан тыс жерлерде емделуге кететін материалдық жағдайы жоқ отбасыларға; өрт, су тасқыны немесе жол апаты салдарынан отбасына материалдық залал келтірілгенде; сонымен қатар, отбасы мүшелерінің біреуі қайтыс болған жағдайда; өкпе, онкология, қант диабеті ауруға шалдыққандарға; нақты тұрғылықты мекен жайы жоқ адамдарға; қосымша көбірек шығын талап ететін ұзақ мерзіммен емделетін ауруға шалдыққан зейнеткерлерге.
      2. «Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - Уәкілетті орган) болып табылады (келісім бойынша).
      3. Көмек азаматтардың өтініші бойынша жылына бір рет тағайындалады және мөлшері қырық айлық есептік көрсеткіштен көп емес.
      4. Көмек көрсету туралы өтініш қала әкімінің атына беріледі. Өтінішке осы шешімге қосымшаға сәйкес тізбеде көрсетілген құжаттар қосылады (келісім бойынша).
      5. Қалалық әкімдіктен көмек сұраған тұлғалардың материалдық жағдайын тексеру сұрақтары бойынша құрылған учаскелік комиссиялар (бұдан әрі – Комиссия) үш күн мерзім ішінде арыз берушінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын тексеруді жүзеге асырады (келісім бойынша).
      6. Қала әкімі комиссияның ұсыныстарының негізінде бес күн ішінде әлеуметтік көмекті көрсету туралы немесе дәлелді бас тартуға шешім қабылдайды (келісім бойынша).
      7. Шешім қабылдағаннан кейін уәкілетті орган жеті күн ішінде екінші деңгейдегі банктер арқылы көмекті төлеуді жүзеге асырады.
      8. Осы шешімнің орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Р. Елтизаровқа жүктелсін (келісім бойынша).
      9. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                         Б. Филиппов

      Қалалық мәслихат
      хатшысы                                 М. Молдағулов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Ақтау қаласының әкімі
      О. Қазақбаев
      2012 жыл 24 сәуір

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Ақтау қалалық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Г. Хайрлиева
      2012 жыл 24 сәуір

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Ақтау қалалық қаржы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Н.Ильясова
      2012 жыл 24 сәуір

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Ақтау қалалық экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      А.Ким
      2012 жыл 24 сәуір

Қалалық мәслихаттың
2012 жылғы 24 сәуірдегі № 3/36
шешіміне қосымша

Біржолғы әлеуметтік көмекті алу
үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) әлеуметтік көмекалушының өтініші;
      2) әлеуметтік көмек алушының және отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттары;
      3) әлеуметтік көмек алушының және отбасы мүшелерінің тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжаттары;
      4) әлеуметтік көмек алушының салық төлеуші куәлігі;
      5)әлеуметтік көмек алушының банктық шоты бар болуын растайтын құжат;
      6) әлеуметтік көмек алушының және отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтері;
      7) оралман мәртебесін растайтын құжат;
      8) отбасына материалдық залал келтірілген оқиғаны анықтайтын құжат (өрт, су тасқыны, жол апаты), еңбекке жарамсыздығы туралы, емделуге берілген анықтама немесе жолдама;
      9) отбасы мүшелерінің біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болғандығын растайтын құжат.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады