Жаңаөзен қаласындағы мемлекеттік тұрғын үй қорындағы "Рауан" шағынауданында орналасқан, 200 пәтерлі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 02 шілдедегі № 271 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 01 тамызда № 11-2-193 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының  1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 1 тармағына және «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шарушылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына сәйкес, Жаңаөзен қаласы  әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жаңаөзен қаласындағы мемлекеттік тұрғын үй қорындағы  «Рауан»  шағынауданында орналасқан, 200 пәтерлі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары  Н.Худибаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                              С. Трұмов

      Келісілді:

      «Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық
      шаруашылығы, жолаушылар көлігі және
      автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      Е.Қайыров
      02 шілде 2012 жыл

      «Жаңаөзен қалалық қаржылар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Р. Джантлеуова
      02 шілде 2012 жыл

2012 жылғы 02 шілде 2012 жыл № 271
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қаулысына
қосымша

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы «Рауан»  шағынауданында орналасқан, 200 пәтерлі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері

      Кондоминиум объектiсiнiң құрамына жатпайтын мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн алынатын  төлемақының мөлшерiн есептеу кезінде мынадай көрсеткіштер қолданылады:
      А – кондоминиум объектiсiнiң құрамына жатпайтын мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерi (айына 1 шаршы метр үшiн, теңге);
      Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1  шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (теңге);
      Т – ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл;
      Р – пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сондай-ақ жер учаскесін күтуіне қажетті көлемнің сомасы (айына 1 шаршы метр үшін теңге);
      Пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай есептеледі:
      Кондоминимум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй, сондай-ақ жаңа салынған және пайдалану мерзімі 20 жылға дейін түрғын-үй үшін мынадай формула бойынша:
      А= Ц/Т/12+Р
      Ц – 1 572 540 460 теңге (құрылыстың құны) / 18763 м2 (тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын үйдің жалпы ауданы) = 83 810,72 тенге;
      Р =0;
      Т=140 жыл;
      А=83 810,72 /140/12+0=49,89 теңге;
      Мысалы:1 бөлмелі пәтердің жалпы ауданы 58,2 шм
      А=49,89х58,2=2903,60 теңге бір айға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады